Қайрат Жолдыбайұлы: "Үш күн ішінде халықтан 52 миллионға жуық ақша жиналды..."
Қайрат Жолдыбайұлы: "Үш күн ішінде халықтан 52 миллионға жуық ақша жиналды..."
26 күн бұрын 3152

Осыдан санаулы күн бұрын еліміздегі емханаларда оттегі аппараттарының жетіспеушілігіне байланысты елімізге танымал дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы  көпшілікке үндеу тастап, қайырымдылық шарасын ұйымдастырған еді. Көпшілік үндеуге бейжай қарамай, шараға атсалысып жатқандар қатары өсуде. Бүгінгі күні халықтан жиналған қаражаттың көлемі 51 миллион 900 мың теңгеге жетіпті (51 900 000). 

Бұл қаржыға 500 дана оттегі концентраторын сатып алуға болатындығын білдірген Қайрат Жолдыбайұлы:

"Министр А.В.Цой тегін ұшақ ұйымдастыру жағын қарастыруда. Егер ұшақ мәселесі шешілетін болса, онда бұл қаражатқа 500 дана оттегі концентраторын сатып ала аламыз", - деп жазыпты өзінің facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында. 

Акция ұйымдастырушысының айтуына қарағанда, егер, Құдай оңдап, ұшақ мәселесі ойдағыдай шешіліп кетсе, науқастарға зәру боп тұрған аппараттар бір апта көлемінде Қазақстанға жеткізіледі екен. 

Қайырымдылық акциясы жалғасуда!!! Адам өмірін арашалап қалуға атсалысам деушілер төмендегі суретте көрсетілген шотқа шама-шарқынша ақша аударуларына болады:  

 

 

0 пікір
Мұрағат