|
Премьер-министр еден жуды (видео)
|
Ұлық болсаң, кішік бол. Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте абайсызда парламент қабырғасында еденге кофесін төгіп алған болатын. 51 жастағы ел премьері дереу швабраны қолына алып, еденнің былғанған жерін жуып шыққанымен қоймай, құрғатып берді. Түркиядағы Голландия елшісі Кис ван Бек бұл көрініске куә болып, оны таспаға тартып алып, Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жариялаған екен. Алайда, көпке жағу қиын ғой, әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі білдей бір ел премьерінің бұл әрекетін пиярға балап, пікір білдірген екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады
■
Араб елі орман өртегендерді өлім жазасына кесетін заңды қабылдады
■
Қарапайым киім индустриясы биыл жаңа белесті бағындырады
■
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады