Memento mori: Өлім музейі (фото+видео)
Memento mori: Өлім музейі  (фото+видео)
3 жыл бұрын 3908 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: thejakartapost.com

Әлемде музейдің түр-түрі бар, көне замандардың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін жәдігерлерден бастап, тарихи, соғыс техникасы, ауыл шаруашылығы, ғылыми-танымдық, тоқыма өнері, қолөнер бұйымдары, зергерлік өнер, туризмді дамыту үшін қолға алынған суасты музейі, т.б. осылай жалғасып кете береді. Олардың барлығы да ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрді дәріптеу, мәдениеттер сабақтастығын насихаттау, адамның танымдық көкжиегін кеңейту, шығармашылық мүмкіндігін ояту, т.б. мақсаттарда адамзат иглігіне қызмет етіп келеді. Алайда, адам иманын жоғалтып алмасы үшін өлімді жиі ойға алудың маңыздылығын білесіздер – тіпті, туған-туысы қайтыс болған кезде ғана өлімді еске алып қоймай, сонымен қатар, ара-тұра тәубесіне түсіп тұру үшін қабірге барып тұрудың да еш ағаттығы жоқ...  Индонезияның Сурабай қаласында өзгеше музей барын біреу білсе, біреу білмес: онда адамның мына дүниеге тек мейман екенін есіне салатын, түбінде ажалдың дәмін тататынын меңзейтін қаралы көріністер бар. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Jakarta Рost ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әу баста аталмыш музей антропологиямен (Уикипедия анықтамасынан: Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді) айналысатын ғалымдардың қызметіне жәрдем беру мақсатында ашылғанын айта кетпекпіз. Бастапқыда бұл музейді Сурабай қаласындағы Айрланг университетінің антропология бөлімі 2005 жылы ашқан болатын. Алайда, толыққанды музей ретінде тек 2014 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Музейге кірген бетте ладанның иісі мұрныңызға келеді – адам жерлеу рәсіміне қатысып отырғандай әсерде қалады. Ладан тек христиандардың діни рәсімдерінде ғана қолданылмайды, сонымен қатар, индонезиялық наным-сенім бойынша жын-періні қуады. Бұдан бөлек, музейдегі өзге ағымсыз иістерді жою үшін ладан қолданылатынын айта кеткен жөн. Музейде адамды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін инфографика бар, бұған қоса, адам қаңқалары жік-жікке бөлінген. Олардың бірі: «Қалай өмір сүрсем, солай өлемін» деген аталады. Осылайша адамның сүйегіне қарап-ақ қалай өмір сүргенін көз алдына елестете алады. Бұлардан бөлек, музейдің этнографиялық анықтамасынан түрлі ұлттар мен ұлыстардың немесе тайпалардың түрлі кезеңдеріндегі қаза болған адамны ақтық сапарға шығарып салу, жер қойнына тапсыру секілді жерлеу рәсімдеріне қаныға аласыз. «Memento mori – өлімді естен шығарма» - музейдің ұраны.

Underground observation: A visitor observes a skeleton replica buried using the Islamic tradition, where the deceased is enshrouded in a white linen cloth before being buried with the head facing toward Mecca.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Surabaya museum of death

0 пікір
Мұрағат