Мәриямның құлпытасы табылды (видео)
Мәриямның құлпытасы табылды (видео)
3 күн бұрын 1452 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдің оңтүстігінен археологтар біздің дәуіріміздің V немесе VI ғасырларына тиесілі өзгеше құлпытасты тапты. Бұл жайында islam.kz порталы орыс тілінде хабар тарататын popmech.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құлпытасқа қашалған грекше жазудың мәтіні: «Пәк ғұмыр кешкен әулие Мария». Кейде тұтас аймақтың тарихын түгендеу үшін археологтарға титтей бір жәдігердің өзі жетіп жатыр. Яғни, табылған жәдігерге қарап, тұтас аймақтың сол кездегі мәдениеті мен адамдардың өмір сүру салтынан хабардар бола алады. Бұл құлпытас кездейсоқ табылды. Оны Ницан ұлттық саябағын ретке келтіру жұмыстарына қатысқан жұмысшылардың бірі тауып алды. Ол құлпытасты таспаға тартып алып, өзінде сақтайды, содан соң билік өкілдеріне хабарласып, артефактіні табыс етеді. Аталмыш құлпытасты зерттеген археологтар оның баға жетпес жәдігер екеніне көз жеткізген. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, Мәрим дүниеден озғанда бұл өңір христиандар қарасы көп аймаққа айналған. Мәриямның текті әйел екенін басына орнатылған құлпытас әйгілейді. Ежелгі заман басқармасының өкілі Талы Еріксын-Жинидің айтуынша, біздің дәуіріміздің V және VI ғасырларында Ницан маңайындағы елді-мекендердің орталығы болған. Ницан саябағындағы қала біздің дәуірімізге дейінгі 1-ші ғасырда сауда жолындағы бекет ретінде іргетасы қаланған. V және VI ғасырларда аталмыш бекетте шіркеулер, әскери бекіністер, монастыр, т.б. бой көтерген. Ғалымдардың топшылауынша, VI ғасырдың соңында оба індеті мен жанартау қысы (атмосферадағы жанартау ыс-күйесінен климаттың өзгеруі) бұл жерден тұрғындардың ауа көшуіне ықпал еткен.

0 пікір
Мұрағат