|
Жеті қабатты мешіт тұрғызылады
|
Ұлыбританиядағы Бирмингем қалалық кеңесі жаңа мешіттің құрылыс жобасын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол аталмыш қаланың ажарын ашатын көрікті ғимараттардың бірі болуы тиіс. Мұсылмандардың осынау құлшылық үйінде жиналыс залы, қыздарға арналған мектеп, қоғамдық орталық, дүкен, тіпті, балалар бақшасы болады. Бір мезетте 2500 адам қатар тұрып құлшылық ете алатын ғибадат ғимараты орын тебетін Бирмингем қаласы Ұлыбританиядағы ірілігі жағынан Лондон мегаполисінен кейінгі орында тұр әрі аталған қала тұрғындарының 21,8%-ын мұсылмандар құрап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)