|
Ислам әлеміндегі ең үлкен кітапхана ашылды (видео)
|
Ақпан айының 20-ы күні Анкара қаласында ислам әлеміндегі ең үлкен кітапхана ашылды. Аталмыш білім ордасы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен салынған. Мәдени ғимарат селжүк, османлы және осы заманғы сәулет үлгісі бойынша тұрғызылды. Кітапхана есігі оқырмандарға тәулік бойы әрі демалыс күндері де ашық болады. Кітапхана бір мезгілді 5 мыңға тарта оқырманға қызмет көрсете алады. Кітап қоры: 4 млн баспа өнімі, 120 млн-нан аса электронды файл. Кітапхананың президент сарайының жанында бой көтеруі де оның маңыздылығын айғақтайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін