Иран қышлағы (видео-фото)
Иран қышлағы (видео-фото)
4 жыл бұрын 3411 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Төңіректі алып кеткен раушан гүлдің хош иісі, желмен тербелген келіншектал, бір-біріне мінгесе-ұшқасқан, бір-бірінің желкесінен төнген шағын, қызыл қыш үйлер, тек өздеріне тән ою-өрнегі бар, тек өздеріне ғана жарасатын киім киген жергілікті тұрғындары – Иран аумағындағы ең әдемі шағын елді-мекендердің біріндегі әдепкі көрініс. Apochi ақпарат көзі жаппай жаһандану заманында тұрмыс-тіршілігі мен салт-санасы бүлінбей саф күйінде сақталған мұндай елді-мекендерді көрудің өзі мұңға айналғанын жазыпты. Тек ғасырлармен тілдесіп, мыңжылдықтармен сырласатын, тарихы тым тереңде жатқан, қылығы жеңілтек қызға ұқсайтын бүгінгінің шындығына іргелі мәдениетімен бой бере қоймаған аталмыш елді-мекен Әбиан деп аталады, ол Исфаһан провинциясындағыКаркас тауының етегінде жайғасқан. Тарихшылардың есебінше шамамен кемі 1500 жыл, былайша 2000 жыл толған Әбиан елді-мекенінің маңы толған тарихи жәдігерлер мен: ежелгі ескерткіштерден аяқ алып жүре алмайсыз. Түрлі кезеңдер мен дәуірлерге тән қолтаңбаларымен ерекшеленетін тарихи мұралар негізінен сасанидтік (224-651), селжүктік (1037-1194), сефебидтік (1501-1722) және қажарлық (1795-1925) династиялық кезеңдерге тән болып келеді. Теңіз деңгейінен шамамен 2222 метр биіктікте орын тепкен осынау елді-мекеннің сәулеті мен сәні де көп ештеңеге ұқсай бермейді. Әбиан елді-мекені Иран аумағындағы туристер арнайы ат басын бұрып жиі баратын үш елді-мекеннің бірі. Әбианнан бөлек туристер Масул және Кандоуан елді-мекеніне де көп барады. Төменде тұрған үйдің шатыры жоғарыдағы үйдің ауласына айналған елді-мекен бірыңғайда сатыны көз алдыңа әкеледі. Осы сәулет ерекшелігіне байланысты адамдар да бір-бірімен тонның ішкі бауындай тату. Ал қыштан соғылған қабырғалары әдетте қызғылт келеді. Тек сәулетімен ғана емес, сонымен қатар, маңайдағы, күллі Ирандағы, тіпті, аймақтағы ешбір елге, ешбір елді-мекенге ұқсамайтын әдет-ғұрпымен, киім-кешегімен, тіпті, сөйлеу мәнерімен де айрықшаланып тұрады. Бұл елді-мекенде, тіпті, балаларға дейін ұлттық киім киеді. Әдетте киімдері кең-мол пішілген. Әбианның ауа райы бір қалыпты болып келеді – жылдың кез келген мерзімінде келсеңіз болады. Десе де туристер көбінесе көктемде барғанды жақсы көреді – әсіресе, мамыр айында Әбианның табиғаты құлпырып кетеді. Жергілікті халық ұзақ уақыт бойы Заратуштра наным-сенімінде болды. Олар исламды XVI-XVIII ғарылра аралығында қабылдады. Заратуштрадан бүгінге аман-есен жеткен От ғибадатханасы бар.

Abyaneh Village

Abyaneh Village

Abyaneh Village

Abyaneh Village

Abyaneh Village

Abyaneh Village

Abyaneh Village

Abyaneh Village

Abyaneh Village

Abyaneh Village

0 пікір
Мұрағат