Бір өзі 80 мың ағаш сіңіретін көмір қышқыл газын аулайтын қондырғы жасалды
Бір өзі 80 мың ағаш сіңіретін көмір қышқыл газын аулайтын қондырғы жасалды
4 жыл бұрын 3884 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Немістердің әлемге әйгілі Audi авто компаниясы мен Швейцарияның Climeworks компаниясы ғалымдарының жаңа технологиясы атмосферадан алынған көмірқышқыл газын жер астына көмуге мүмкіндік береді. Дәлірегі, Исландия аумағында атмосферадан алынған көмірқышқыл газын сақтайтын жерасты қоймасы салынатын болады. Содан соң табиғи процестердің әсерімен бұл көмірқышқыл газы минералға айналады. Көмірқышқыл газын сіңіріп алатын арнайы адсорбенті бар жаңа қондырғы атмосферадан көмірқышқыл газын өзіне тартып алады. Адсорбент көмірқышқыл газымен қаныққан соң оны Цельсия бойынша 100 градусқа дейін қыздырады. Жақын маңда орналасқан геотермалды қондырғының көмегімен. Артынан көмірқышқыл газ-суды Хедлисхейди геотермалды электр стансасы 2000 метр тереңдікке түсіреді. Жер астына түскен көмір қышқыл газының молекулалары табиғи минералдану процесінде базальт жынысымен реакцияға түсіп, бірнеше жылдың ішінде ол карбонатқа айналады. Ал көмірқышқыл газының жер астына түсіруге ықпал еткен су электр стансасының жылу цикліне кері оралып, 303 МВт электр қуаты мен 400 МВт жылу бөледі. Жаңа қондырғы тәулік бойы жұмыс істейді, жыл сайын атмосферадан 4000 метрикалық тонна көмір қышқыл газын жинайды. Audi өкілдерінің айтуынша, мұнша мөлшердегі көмір қышқыл газын жинау үшін 80 мың ағаш керек.

0 пікір
Мұрағат