42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын қалай тексеруге болады? Зейнеткерлер қандай жағдайда 42 500 теңге алады? 42 500 теңге екінші айға қалай төленеді?
42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын қалай тексеруге болады? Зейнеткерлер қандай жағдайда 42 500 теңге алады? 42 500 теңге екінші айға қалай төленеді?
4 жыл бұрын 4417

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын қалай тексеріп беретін қызметті іске қосты. Бұл туралы jasqazaq.kz ақпарат көзі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышевтың Telegram парақшасындағы жазбасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Біз әлеуметтік желілерге әрдайым мониторинг жүргізіп, адамдардың сұрақтарының басым бөлігі былай екенін көріп отырмыз: «Мен бірнеше күн бұрын өтінім беріп қойғанмын. Әйтсе де әлі күнге дейін өтінімім мақұлданды ма, жоқ па білмеймін» дейді көбі. Сол себепті, Біржан Нұрымбетовтің тапсырмасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын тексеріп беретін қызметті іске қосты. Сервис бойынша біз Президент Әкімшілігі жанындағы ІТ-штабпен, ІТ мамандарымен, ұжыммен қауырт жұмыс жүргіздік. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке де алғысымызды айтамыз», — деді Нариман Мұқышев.

Әлеуметтік төлем алу құқығын тексеру үшін:

1. 42500.enbek.kz сілтемесіне өту керек.

2. «Өтінім статусын тексеру» батырмасына басасыз.

3. Онда ЖСН мен жеке куәліктің нөмірін енгізесіз.

4. «Мен робот емеспін» батырмасын басасыз да, «тексеруге» жібересіз.

Сіздің 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғы бірден шығып тұрады. Бір ұялы телефон немесе компьютерден бір сағаттың ішінде тексеру бойынша 3 өтінім жіберіп көруге болады.

Зейнеткерлер қандай жағдайда 42 500 теңге алады?

Төтенше жағдайға дейін қосымша жұмыс істеген зейнеткерлер 42 500 теңгеге өтініш бере алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнеткерлерге 42 500 теңге қай жағдайда төленетінін түсіндірді, деп жазады ernur.kz порталы inbusiness.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

«Егер де зейнеткер немесе мемлекеттік жәрдемақы алып жүргендер, көпбалалы немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар төтенше жағдайға дейін ресми түрде жұмыс істеген болса немесе төтенше жағдайға дейін бірыңғай жиынтық төлем аударса, қазір ол табысын жоғалтса, біз оны ескереміз. Иә, зейнетақы мен жәрдемақы жетпегендіктен, қосымша табыс тауып жүрген шығарсыз. Сіздерге 42 500 теңге төленеді. Ол үшін өтініш бересіздер. Ештеңе қосымша төлемеңіздер. Төтенше жағдайға дейін төлеп қойған болсаңыз, біз оны көреміз. Жасыңызға қарамай, жәрдемақы алып жатқаныңызға қарамай, төтенше жағдайға жұмыс істеп жүргеніңіз расталып тұрғандықтан, сіздерге төлем береміз. Ал енді ресми төтенше жағдайға дейін жұмыс істемеген болсаңыз, ресми жұмыс істегендей болайын деп, БЖТ аударып әуре болмай-ақ қойыңыздар», – деген министр АӘК алатын азаматтарға мұндай талап қойылмайтынын атап өтті.

«Айрықша атап өтетін жайт. Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған, табысы төмен кісілерге төленеді. Сондықтан АӘК алып жүрген азаматтар, ресми болсын, бейресми болсын жұмыс істеп жүріп, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылдым деп есептесе, өтініш бере алады. Егер бейресми жұмыс істеген болсаңыздар, БЖТ төлеу қажет. Яғни, АӘК алушылар тексерілмейді, оларға кедергі жоқ», – деді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, 42 500 теңге төлеуде «студенттер» деген арнайы санат жоқ. Сондықтан төтенше жағдайға дейін жұмыс істеп, кәсіппен айналысқан студенттер табысынан айырылған жағдайда, өтініш бере алады.

42 500 теңге екінші айға қалай төленеді?

Төтеше жағдай мерзімі созылса келесі айға төлем автоматты түрде беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

«Жұрт «Төтенше жағдай созылды, екінші айға әлеуметтік төлем төлене ме және оған тағы өтініш береміз бе? деп сұрап жатыр. Жоқ. Сізге бір рет тағайындалып, төленсе болды. Екінші рет өтініш беру қажет емес. Сіз тіркелдіңіз, төлем бердік. Сізді білеміз, танимыз. Төтенше жағдай мерзімі созылса, келесі айына сізге айтпастан төлей береміз», - деді министр.

Оның айтуынша, 16 наурыздан 15 сәуірге дейінгі мерзімге 42 500 теңге әлеуметтік төлем жасалды. Енді карантин мерзімі тағы 15 күнге созылып отыр. Сондықтан жұртшылық тарапынан 42 500 теңгенің жартысы төлене ме деген сұрақ түсіп жатыр. «Жоқ, бұл төлем ерекше. Мұны сол 29 сәуір күні өткізсеңіз де бір күнге, жарты айға деп бөлмейміз. Өтініш берсеңіз, толығымен 42 500 теңге төленеді. Күніне саналмайды. Мысалы, төтенше жағдай бір ай болып одан кейін 5 күнге созылған күннің өзінде 42 500 теңге төлейтін едік», - деді ол.

0 пікір
Мұрағат