ВИЧ-ке қарсы тиімділігі жоғары екпе жасалды
ВИЧ-ке қарсы тиімділігі жоғары екпе жасалды
3 жыл бұрын 3791 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейлік «Вектор» ғылыми орталығының мамандары жасаған ВИЧ-ке қарсы «КомбиВИЧвак» екпесі өлімге апаратын қауіпті вирусқа қарсы антидене істеп шығаруды тиімділігін көрсетті әрі пациентке теріс әсері болмаған. Бұл жайында islam.kz порталы «Интерфакс» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, аталған екпенің екі дозасын енгізгеннен кейін бұл тараптағы тәжірибеге өз еркімен қатысқан пациенттердің барлығында ВИЧ-ке қарсы антидене мен цитотоксикалық Т-лимфоцит және тәжірибеге қатысқандардың 80 пайызында ВИЧ-псевдовирусты жоятын антидене пайда болған. Осы тұста псевдовирустың не екенін айта кетпекпіз: патогенді вирусқа ұқсас келетін түрленген вирус бөлшектері, алайда, ол биологиялық жағынан қауіпсіз саналады. «КомбиВИЧвак» екпесі келесі жылдың соңына дейін зерттеледі. Қатерлі аурудың алдын алуға көмектесетін аталмыш екпе алған адамның бойында патогеннің таралуына жол бермейді, яғни, вирустың жасушаға енуіне жол бермейді.

0 пікір
Мұрағат