Тұзды көлдерден литиді жылдам алудың жолы табылды
Тұзды көлдерден литиді жылдам алудың жолы табылды
26 күн бұрын 626 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл бағыттағы әдіс тиімдірек қана емес, сонымен бірге, экологиялық жағынан таза, яғни, қоршаған ортаға зиянсыз. Бұл технология өз кезегінде жаңартылатын энергия көздеріне көшуге көп көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың білікті мамандары тұзды көлдерден литийді жылдам алуға болатын мембрана ойлап тапты. Қытай ғылым академиясының мәліметінше, технология көміртегі нитриді негізінде жасалған. Материал сүзгі түрі ретінде пайдаланылады. Жаңа мембрана көміртегі нитридінен, яғни, кристалдық және аморфты түрдегі көміртек пен азот қосылысынан тұрады. Бұл «тор» диаметрі 0,3 нм болатын кеуектерді тұзеді, ол қажетсіз түрлерді бұғаттау кезінде иондардың өтуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мембрана құрамында жоғары магниі бар литиді жинауға мүмкіндік береді. Ғалымдар құрылымның дизайны литий иондарының бірқалыпты қозғалысын жеңілдететінін атап өтті. Бұл технологияны жасау кезінде ғалымдар биологиялық иондық арналарға арқа сүйеді, яғни, имитациялады. Лиу Жиан есімді Синдао биоэнергия және биопроцесс технологиясы институтының профессоры атап өткендей, литий жаңғыртпалы энергияны дамытуға мүмкіндік беретін негізгі элементтердің бірінен саналады. Атап айтқанда, қазіргі таңда электрмен жүретін көліктердің кеңінен қолданысқа енуіне байланысты сұраныс артуда. Ғалымдардың жұмысы табиғаттағы затты тиімді алу жолындағы қадам болды. Сонымен қатар, жаңа мембрана литий өндірудің қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайтады

Мембрана

0 пікір
Мұрағат