Тұңғыш рет тұмаудың барлық вирусына қарсы әмбебап екпе жасалды
Тұңғыш рет тұмаудың барлық вирусына қарсы әмбебап екпе жасалды
3 жыл бұрын 4473 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Нью-Йорктегі Маунт-Синай емханасының ғалымдары тарихта тұңғыш рет тұмаудың барлық штамдары (қоздырғыштарына) мен түрлі вирустарына қарсы әмбебап екпені алдын ала клиникалық сынақтан өткізіп, нәтижесін жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу тұжырымы жарияланған Nature Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа екпе химерлік (гибридтік) гемагглютининнің (тұмау вирусына қарсы екпелердің негізгі компоненті, адамның иммундық жүйесіне вирустық ақуыздың – гемагглютининді тануға көмектеседі) негізінде жасалды әрі жыл сайын екпе алу әуресінен құтқарады. Тұмауға қарсы кәдімгі екпе патогенге жасуша рецепторымен өзара әрекеттесуіне әрі жасушаға енуіне көмектесетін вирус қабықшасындағы ақуызға – химерлік гемагглютининнің өзіндік ерекшелігі бар доменіне бағытталған антителаны бейтараптандырады. Алайда, бұл домен мутацияға ұшырауы мүмкін, ал бұл өз кезегінде екпеге бой бермейтін вирустың жаңа штамының пайда болуына апарып соқтыруы мүмкін. Химерлік екпе мутацияға ұшырау ықтималы басым химерлік гемагглютинин аймақтарына бағытталғандықтан ол вирустың түрлі штамдарын бейтараптандыра алады. Бұл бағыттағы тәжірибеге өз еркімен қатысқан 65 америкалық азамат қатысқан аталмыш екпені сынақтан өткізудің алғашқы кезеңінде екпенің қауіпсіздігі мен иммуногендік (иммундық өзіндік ерекшелігіне қарамастан иммундық жауапты тудыра алатын антигеннің әлеуетті қабілеті) мүмкіндігі бағаланды. Нәтижесінде екпе алған адамның бойында18 ай бойы аса күшті иммундық жауапты тудыра алатыны белгілі болды.

0 пікір
Мұрағат