|
Тіс эмалін қалпына келтірудің жолы табылды
|
Лондон қаласындағы Мария ханшайым атындағы университет ғалымдары бүлінген тіс эмалін қалпына келтіруге көмектесетін материал ойлап тапты. Бұл жайында Nature Communications мерзімді басылымында айтылған. Бұрын зақымдалған тіс эмалін қалпына келтіру мүмкін емес болатын әрі бұл өз кезегінде тістен айыратын еді. Біз сөз етіп отырған жаңа материалдың құрылымы мен өзіндік ерекшелігі тіс эмаліне ұқсайды. Оны жасау барысында криталдардың өсуін тудыратын ақуыз пайдаланылды. Аталмыш материал ыстық-суық температураға да, қышқыл тағам мен сусынға да төзімді. Ондаған жылдар бойы тістің шіруінен сақтайды. Бұл материалды болашақта матаның сапасын жақсарту үшін де пайдалануы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды