Тірі нейрондар компьютер микрочипіне енгізіледі
Тірі нейрондар компьютер микрочипіне енгізіледі
4 жыл бұрын 3074 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Астон университетінің ғалымдары адам миының тірі діңгекті асушаларын электронды чипке енгізіп көрмекші. Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олардың топшылауынша, бұл техника параметрлерімен шектелмейтін жаңа типті нейрондық желіні құруға мүмкіндік бермек. Біле білгенге, бұл амбициялық жоба - ғалымдар осылайша алгоритмдердің шамасы келмейтін тапсырмалар мен міндеттерді компьютердің шешуіне септігін тигізеді, деп есептейді. Бұл арада тек шығармашылық немесе аса күрделі материяларға қатысты шешімін күткен мәселелер турасында ғана сөз болып отырған жоқ (жасанды зердеге мұндай қабілеттерді таңуға жатпай-тұрмай талпыныс онсыз да жасалып жатыр), сонымен бірге, тапсырмалар мен міндеттерді шешуде қалыпқа симайтын әдіс-тәсілдерді меңгеру, интуиция, шабыт, т.б. «қасиеттерді» компьютерден көргісі келеді. Есептеуіш қуаты қандай да бір сауалдың шешімін немесе мәселенің мәнісін табу үшін миллиондаған нұсқаны іріктеуге, сұрыптауға, өңдеуге, т.б. кетпесі үшін қолға алынып отыр бұл жоба. Neu-ChiP деп аталатын аталмыш жоба формалды, яғни, шартты түрде жаңа нейрондық желіні жасау жобасы ретінде алға шығып отыр. Алайда, оның негізін цифрлы интерфейспен байланысып, берілген тапсырма бойынша түзілетін әрі бейімделетін нағыз тірі нейрондар, яғни, тірі жүйке жасушалары құрайтын болады. Десе де ғалымдар компьютерге адамның тірі нейрондарын қалай енгізетінін әзірге құпия ұстап отыр.

0 пікір
Мұрағат