Тарихта тұңғыш рет діңгекті жасушадан түгі мен жүйке талшығы бар адам терісі өсірілді (фото)
Тарихта тұңғыш рет діңгекті жасушадан түгі мен жүйке талшығы бар адам терісі өсірілді (фото)
4 жыл бұрын 3860 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Биологтер діңгекті жасушадан өсірген теріні тәжірибедегі тірі тышқанға қаптағанда кеміргіштің организімі жатсынып, кері әсері байқалмады. Аталмыш ғылыми жетістікке қатысты мақала Nature мерзімді басылымында жарияланды. Биологтер бұл зерттеу жұмыстарында адамның плюрипотентті діңгекті жасушасын пайдаланды. Биохимиялық стимулдарды мұқият іріктеп, бұл жасушаларды терінің түрлі қатпарындағы жасушаларға айналдыруды алдына мақсат етіп қойды. Дамудың төрт-бес айынан кейін ғалымдар нағыз теріге ұқсайтын үлгіні алуға қол жеткізді. Ол көп қатпарлы эпидермис, т.б. қамтиды. Ол ол ма, тіндерде түктер (фолликулы) пайда болды. Тіпті, қолдан өсірілген тері үлгісінде Меркел жасушасы (сезімтал рецепторлар), нейрондар мен шваннов жасушасы (жүйке тінінің қосымша жасушасы) жетілді. Меркел жасушасына сезімталдыққа жауапты жүйке жүйесін еске түсіретін жүйке талшықтары жалғанды. Жаңа органоидтың (пробиркіде өсірілген ағзаларды осылай атайды) өмір сүруге қабілетін тексеру үшін биологтер өзінің түкті терісі жоқ зертханадағы егеуқұйрықтарға қаптап көрді. Бұл бағыттағы трансплантация 57 жануарға жүргізілген екен – олардың 55%-да түк өсе бастаған. Түктер 2-5 мм-ге дейін өскен. Гистологиялық сынақ нәтижесі көрсеткендей, тәжірибедегі кеміргіштерге қапталған қолдан өсірілген терінің эпидермисі олардың өз эпидермисіне кіріккен болатын. Аталмыш жаңалық тері аурулары мен таз ауруларын емдеуде пайдаланылуы мүмкін.

Микроскоппен қарағандағы діңгекті жасушадан өсірілген адам терісінің органоиды 

Солында тышқан денесіне қапталған түкті фолликул, оңында организмнен тыс үлгісі 
0 пікір
Мұрағат