Тарбаған қырыққабатының немесе "реактор" өсімдіктің шынымен де тылсым қасиеті бар ма (фото)
Тарбаған қырыққабатының немесе "реактор" өсімдіктің шынымен де тылсым қасиеті бар ма (фото)
4 жыл бұрын 3045 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Солтүстік Каролина аумағында орын тепкен Блу-Ридж ұлттық саябағының қызметкерлері Facebook әлеуметтік желісінде жылуды ұнататын әрі жылу бөлетін өзгеше өсімдіктің суретін жариялапты. Аталмыш саябақ жолының бойында тарбаған қырыққабаты бүр жарған екен. Ғылымда Симплокарпус фоэтидус (Symplocarpus foetidus) деген атпен белгілі осынау ерекше өсімдіктің былайғы жұрттың арасында еш сүйкімі жоқ: жаһандық жылынудан жығылғанға жұдырық болып 12 °С жылу бөлетін әрі мүңкіген әлемтапырақ исі үшін ұнатпайды. Тарбағанның өсімдігінің "дене" температурасы - 35 градусқа дейін, ал бөлетін жылуы 12 градус. Маңайындағы қарды ерітіп, ерте көктемде немесе қыс жылы болса, өсетін өсімдіктің абайсызда таптап кетсеңіз немесе сабағынан кесіп алсаңыз, иісі төңіректі алып кетеді. Білмейтіндер оның осы жылу бөлетін ерекшелегіне қарай тылсым қасиеті бар өсімдік деп қабылдайды. Шындығында, аталмыш өсімдіктің тіндеріндегі химиялық реакцияның нәтижесінде бөлінетін жылу оның термогенезге бейім екенін көрсетеді. Симплокарпус фоэтидус өзге өсімдіктер секілді жоғарыға қарай емес, төменге қарай өседі. Гүлі мен жапырағы уақыт өте келе қурап қалады да тамыры жыл сайын тереңдей береді. 

Изображение

Изображение

Изображение

Изображение

Изображение

Изображение

0 пікір
Мұрағат