Тамақтанған соң май өндірісін бұғаттайтын метаболизмдегі тетік табылды
Тамақтанған соң май өндірісін бұғаттайтын метаболизмдегі тетік табылды
3 жыл бұрын 3239 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда жүргізілген зерттеу организмдегі зат алмасуға қатысты бұрын белгісіз болып келген тетікті табуға көмектесті. Дәлірегі, метаболизмдегі бұл тетік ішекте істеп шығарылатын гормон көмегімен органзмдегі май өндірісі процесін тиімді жолмен тоқтататын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам организмі өте кінәмшіл, тіпті, кірпияз келеді. Дұрыс тамақтанған күннің өзінде кінарат тауып алады. Ғалымдар мұның сырын білу үшін метаболилік (зат алмасу) процесінің негізгі барысын зерделеп көрді. Тамақтанған соң организмде метаболилік процесс басталады. Аталмыш процестің маңызды кезеңіне липогенезді (бауыр ағзасының тағамды энергия қорына – майға айналдыруын) жатқызады. Бұл процесті инсулин, ұйқы безінен бөлінетін гормон ынталандырады. Бұл тізбек жеткілікті деңгейде зерделенгендімен осы уақытқа дейін тамақтанғаннан соң бірнеше сағат өткенде, бауыр қызметінің белсенділігі төмендегенде не болатыны белгісіз болып келген еді. Бұрынғы топшылауға сүйенсек, липогенез функциясы баяулайды, өйткені, инсулин стимулы бәсеңдейді. Ал жаңа зерттеу нәтижесі бойынша жасалған ұйғарымға келсек, бұл процесс инсулин деңгейінің төмендеуімен емес, ішекте істеп шығарылатын гормонның әсерінен баяулайтын болып шықты. Ғалымдардың айтуынша, FGF19 (немесе FGF15/19) деп аталатын ішек гормоны тамақтан соң бірнеше сағаттан кейін липогенез процесімен байланысты бауыр гендерінің белсенділігін басады. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен  Джонсук Ким Кемпердің айтуынша, аталған гормон бауырдағы гендердің белсенділігін әдейі тежейді. «Мәселен, сіз аздап печенье жедіңіз делік, организм инсулин бөліп, липогенез процесіне ықпал етеді. Егер липогенез тоқтамаса, органзим ашығып, майдың артығы бауырға жиналатын болады, сол себепті де FGF19 гормоны май өндірісін тежейді»,- деп түсіндірді ғалым. Бұл зерттеу барысында, сонымен қатар, ішімдік ішпейтін, алайда, бауырын май басқан адамдардың және семіз тышқандардың организміндегі FGF15/19 белсенділігі зерделенді. Екеуінде де липогенезді тежеу тетігінде айтарлықтай ақау бар болып шыққан. Бұл жаңалықтың құндылығы неде ? Ол метаболистік ауытқудан пайда болатын семіздік қатер төндірген сусамырға, қатерлі ісікке шалдыққан адамдарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмекті жасауға көмектесуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат