Шариғат шәлісін жамылған әйел короновирусты 5 минутта анықтайтын тест ойлап тапты
Шариғат шәлісін жамылған әйел короновирусты 5 минутта анықтайтын тест ойлап тапты
4 жыл бұрын 3060 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы аптаның ең айтулы жаңалығына Жеки Ин есімді шариғат шәлісін жамылған сингапурлық әйелдің жер-көкті жайлап, жолындағысын жайпап бара жатқан жұқпалы індетті аз уақыттың ішінде анықтауға мүмкіндік беретін тапқырлығын айтуға болады. Осы орайда жұқпалы індеттің одан ары өршуіне жол бермес үшін мұсылман әйел ойлап тапқан экспресс тестің қаншалықты маңызды екенін айтып жатудың өзі артық. Өйткені, тәжді тажалдың басты қатері оны адамның жұқтырғанынан бұрын дер кезінде белгісі біліне бермейтін дерттің асқынып кетуінде жатыр. Ал дерті асқынған адамның айығып кетуі неғайбыл, тіпті, аман қалған күннің өзінде тыныс алуы қиындап, өмір бойы кемтар болып қалады. NanoBio зертханасының жетекшісі әрі Жеки Ин алдыңғы қатарлы наноқұрылымдық материалдары мен жүйесі үшін 2015 жылы Мұстафа атындағы сыйлықтың иегері атанды.

0 пікір
Мұрағат