Семіруге бастайтын ген табылды
Семіруге бастайтын ген табылды
3 жыл бұрын 1355 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Вирджиния универистетінің ғалымдары салмақ қосуға ықпал ететін гендер жиынтығын тапты. Бұл жайында islam.kz портады аталмыш зерттеу материалы жарияланған PLOS Genetics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар анықтағандай, адамның дене салмағына қандай да бір жолмен өз әсерін тигізетін 293 ген бар. Олардың 14-і семіруге бастайды, яғни, артық салмақтың жиналуына ықпал етеді, ал үшеуі салмақтың кемуіне ықпал етеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық өз кезегінде семіздік індетімен күресуге тың серпін бермек. Бұл тараптағы зерттеу гені адам генімен 70 пайыз сәйкес келетін құртқа жүргізілген. Бұрын халықаралық ғалымдар тобы семіруге артық ауқаттану емес, яғни, мөлшерден тыс көп тамақтану емес, құнары жоғары тағамдарды ұдайы тұтыну әдеті бастайтынын алға тартқан еді. Дәлірегі, Гарвард, Корнелл және UCLA мамандары ауруды және оның биологиялық себептерін жақсы түсіндіретін көмірсу-инсулин моделіне негізделген семіздікке қатысты жаңа түсініктеме әзірлеген болатын. Олардың айтуынша, семіздіктің негізгі себебіне жоғары гликемиялық индексі бар тағамдарды, атап айтқанда, көп өңделген тағамдарды, тез сіңетін көмірсуларды тұтыну жатады.

Қарай отырыңыз:

"Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0);

«Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0);

«Семіздік індетінің тағы бір себебі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdik-indetinin-tagy-bir-sebebi-belgili-boldy-13342/#gsc.tab=0);

«Жас кезінде артық салмақтан зардап шеккендердің қартайғанда жадысы нашарлайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jas-kezinde-artyq-salmaqtan-zardap-shekkenderdin-qartaiganda-jadysy-nasharlaidy-14977/#gsc.tab=0);

«Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-auyzdyqtaudyn-tiimdi-ari-qauipsiz-tasili-tabyldy-14943/#gsc.tab=0);

«Семіздікті емдеудің тағы бір тиімді тәсілі пайда болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-emdeudin-tagy-bir-tiimdi-tasili-paida-boldy-15369/#gsc.tab=0);

"Тәбетті басқару немесе семіздікті емдеу тетігі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/tabetti-basqaru-nemese-semizdikti-emdeu-tetigi-tabyldy-15297/#gsc.tab=0);

"Қай тағамға тәбеті тартып тұратынына қарап, адамның денсаулығында қандай кінәрат барын білуге болады – ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-tagamga-tabeti-tartyp-turatynyna-qarap-adamnyn-densaulygynda-qandai-kinarat-baryn-biluge-bolady-galymdar-13925/#gsc.tab=0);

"Семіздікті қауіпсіз жолмен емдеудің тәсілі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-qauipsiz-jolmen-emdeudin-tasili-tabyldy-15256/#gsc.tab=0);

«Адамның аз уақыт ішінде артық салмақ жинауының бес себебі айталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-az-uaqyt-ishinde-artyq-salmaq-jinauynyn-bes-sebebi-aitaldy-14827/#gsc.tab=0); 

«Адамдардың салмақ тастау барысында жіберетін қателіктері» (https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/adamdardyn-salmaq-tastau-barysynda-jiberetin-qatelikteri-6357/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі әрбір 10-шы адам семіздіктен зардап шегеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-arbir-10-shy-adam-semizdikten-zardap-shegedi-14837/#gsc.tab=0); 

«Семіздік індетімен ұлттық деңгейде күрес науқанын бастады» (https://islam.kz/kk/news/alem/semizdik-indetimen-ulttyq-dengeide-kures-nauqanyn-bastady-15225/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат