Кәдімгі судан авиаотын алатын жоба іске қосылды
Кәдімгі судан авиаотын алатын жоба іске қосылды
3 жыл бұрын 1519 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Германия билігі суды, көмірқышқыл газын әне электрді пайдалана отырып, реактивті отын өндіретін кәсіпорын ашты. Аталмыш бірегей жоба авиаөнеркәсібін экологиялық талаптарға сай етуге бағытталған, дәлірегі, парникті газдың атмосфераға бөліну мөлшерін азайту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Синтетикалық керосинді (жағармайды) судағы сутегінің атмосферадағы көмірқышқыл газына танытатын реакциядан өндіреді. Бұл өндірісте жел электр стансасының энергиясы пайдаланылады. Жаңа отын көміртектен ада, өйткені, синтездік реакцияны тудыру үшін электр энергиясы жаңғыртпалы энергия көзінен алынады, ал авиациялық қозғалтқыш жұмыс істеген кезде осынау отын түрін өндіру үшін атмосферадан алынған көмірқышқыл газының мөлшеріндей ғана парникті газ бөлмек. Сол себепті, бұл жоба көміртектен ада. Сөз орайы келгенде айта кету керек, атмосфераға бөлінетін әлемдік көмірқышқыл газының 2,5 %-ы осы авиция саласына тиесілі. Неміс кәсіпорны бұл салада төңкеріс жасап отыр деуге болады. Атмосфераны ластаумен күресте. Әзірге бұл кәсіпорын тәулігіне синтетикалық отынның тек сегіз баррелін ғана өндіре алады. Салыстыру үшін алсақ, 2019 жылы коммерциялық авиакомпаниялар 2,3 млрд баррел авиаотын пайдаланған, яғни, бұл саладан атмосфераға бөлінген парникті газдың қаншаға жеткенін елестетудің өзі қиын.

Топливный завод

0 пікір
Мұрағат