Сабын көпіршіктері алмұрт гүлдерін тозаңдандыру үшін қолданылды
Сабын көпіршіктері алмұрт гүлдерін тозаңдандыру үшін қолданылды
3 жыл бұрын 3289 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну себебінен орын алған климат өзгерісі мен қоршаған ортаның ластануы күллі әлемде өсімдіктердің өсіп-өнуіне ықпал ететін тозаңдандыруды жүзеге асыратын ара популяциясының кемуіне себеп болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы осы бағыттағы зерттеу материалы жарияланған iScience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандардың дерегіне қарағанда, адамзат үшін пайдасы ұшан-теңіз осынау жәндік түрі бір ғасырдың ішінде тұқымы тұздай құрып, жойылуы мүмкін. Сол себепті, ғалымдар жеміс салатын және сәндік өсімдіктерді тозаңдандырудың баламалы жолдарын іздестіруге кірісіп кетті. Ең қолайлысы қолмен тозаңдандыру болып отыр. Алайда, ол мехнаты көп әрі уақытты көп алатындықтан жапон ғалымдары шағын дрондардың көмегімен өсімдіктерді тозаңдандырудың амалын қарастырып жатыр. Алайда, күншығыс елі ғалымдарының бұл механикалық тәсілі кеңінен қолдау таппады, неге десеңіз, ұшатын аппараттар нәзік өсімдіктерді зақымдайды. Осынау адамзат үшін аса маңызды биологиялық процестің шешімін жапонның көрнекті ғалымы Эйдзиро Мияко ұлының ойынын тамашалап отырып тапқан болатын. Дәлірегі, ұлы көпіршікті үрлеп ойнағанда тың ой келді. Эйдзиро Мияко әріптесі Си Янмен бірігіп, өсімдікті тозаңдандыруға 4 пайызды лаурамидопропилбетаин ерітіндісін (A-20AB) пайдалануды ұйғарады. Аталмыш химиялық қосынды шампун өндірісінде кеңінен қолданылады. Ның құрамында өсімдіктің тез өсіп-өнуіне септігін тигізетін кальция мен өзге де пайдалы қосындылар бар. Бұл арада сабын көпіршігін ататын тапаншаның көмегімен тозаңдандыруды тәжірибе жүзінде сынап көреді әрі сәтті аяқталады. Осындай жасанды тәсілмен өсіп-өнген алмұртты жеуге де қол жеткізді. Келесі тәжірибеде тапаншаның орнына GPS-модулімен жабдықталған дрон пайдаланылды. Ұшатын аппаратта ерітінді құүйылатын ыдыс мен көпіршікті үрлейтін құрылғы бар. Дронның жылдамдығы секундына 2 метрді құрайды. Тозаңдандыру дәлдігі екі метр биіктіктен алғанда шамамен 90 %-ды құрады. Десе де бұлайша тозаңдандырудың өз кем-кетігі бар: жауын өсімдік тозаңын шайып кетуі, ал тозаңдандыру кезінде үп еткен жел көпіршікті ұшырып әкетуі мүмкін. Соған қарамастан ғалымдар бұл жеткен жетістікпен тоқмейілсіп тоқтап қалмайды, Олар жасанды тозаңдандыру тетігін жетілдіру бағытында ізденіс үстінде. Жаңа технология аз уақыт ішінде тұтас алқапты тозаңдандыруға мүмкіндік береді.

Мыльный пузрыь и цветок груши

0 пікір
Мұрағат