Қызықты зерттеу: әр қаланың өзіне тән микроб қолтаңбасы бар
Қызықты зерттеу: әр қаланың өзіне тән микроб қолтаңбасы бар
3 жыл бұрын 2347 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Әр қаланың өзіне тән микробтық қолтаңбасы бар. Киім-кешектегі бактериялар мен вирустар адамның қай қаладан екенін 88% дәл айтып бере алады. Бұл жайында islam.kz порталы pubmed.ncbi.nlm.nih.gov ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай тұжырымға келген америкалық ғалым бұл бағытта зерттеу жүргізгеніне нендей жағдай себеп болғанын айта кетті. Крис Мэйсон есімді әуесқой ғалым Нью-Йорк мегаполисіндегі метрода қызының жақтауды жалағанын байқап қалады, артынша қызының денсаулығына алаңдап, оның организіміне қандай микробтың түскенін анықтау үшін өз бетінше зерттеу жүргізіп көреді. Крис Мэйсон — Weill Cornell Medicine генетигі, бұл тараптағы зерттеуін 2015 жылдан бастаған. Ол аталмыш зерттеу барысында метродағы микробтардың жартысына жуығының ғылымға әлі белгісіз микроорганизмдер екеніне көз жеткізген. Осыдан кейін ол зерттеуін өзге қалаларда алғастырып көреді. Оның әріптестері мен көмекшілері барлық құрлықта орын тепкен 60 қаладан микробтардың үлгілерін жинайды: метродан бастап, қоғамдық орындардағы мерзімді басылымдарды сататын киоскілерден, билет сатататын кассалардан, тартылатын турниктен, саябақтардағы орындықтардан, автобустардан, т.б. жинайды. Зерттеу нәтижесі көрсеткедей, көлік жүйесіндегі микробтардың 45%-ы (11000 вирус пен 1302 бактерия) әлі күнге ғылымға белгісіз екенін анықталды. Микроганизмдердің 31 түрінің жиынтығы 97% үлгілерде болған. Олар қалалық микробиомның өзегі деп аталды. Үлгілердің 70%-да тағы 1145 түр болған. Осылайша әр қаланың өзіндік қайталанбайтын қолтаңбасы оның сәулеті мен менталитетінен ғана емес, сонымен қатар, сирек кездесетін вирустар мен бактериялардан тұратыны белгілі болып отыр. Бұл жаңалық несімен құнды? Қала және қалалық жер – жұқпалы індет шапшаң тарайтын орта. Бұл зерттеу өз кезегінде болашақта болуы ықтимал пандемияның алдын алуға әрі антибиотикке төзімді бактерияларды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. 

Ұқсас материалдар:

"Микробтар атмосфераның жоғары қабатына шығып жер шарының кез келген тұсына таралады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikrobtar-atmosferanyn-jogary-qabatyna-shygyp-jer-sharynyn-kez-kelgen-tusyna-taralady-4205/#gsc.tab=0);

"Микробтар радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыра алады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikrobtar-radioaktivti-qaldyqtardy-zalalsyzdandyra-alady-10913/#gsc.tab=0);

 

0 пікір
Мұрағат