|
Микробтар радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыра алады
|
Ресейлік ғалымдар радиоактивті қалдықтар терең көмілген тұстан белгілі бір жағдайда радионуклидтердің миграциясын бәсеңдететін бактерияны тапты. Ол алдағы уақытта радиоактивті қалдықтардың таралуына қойылатын табиғи тосқауыл ретінде пайдаланылатын болады. Бұл жайында Ресей ғылым академиясының атом энергетикасын қауіпсіз жолмен дамыту проблемасымен айналысатын институт жарыққа шығаратын "Радиоактивті қалдықтар" мерзімді басылымында айтылған. 1980-ші жылдардан бастап әлем бойынша радионуклидтермен ластанған аумақтарды микробиологиялық тұрғыдан зерттеуге көп көңіл бөліне бастаған болатын. Тынбай жүргізілген зерттеу жұмыстары ақыры өз нәтижесін бере бастады. Ғалымдар молекулярлық генетика әдісінің көмегімен радионуклид иондарын залалсыздандыра алатын жерасты суларынан бактерия барын анықтаған еді. Аталған бактерия белгілі бір жағдайларда радионуклидтерді, соның ішінде, уран мен плутони радионуклидтерді барынша аз жылжитын формаға келтіре алады. Яғни, осылайша аса қауіпті қалдықтың таралуына бөгет жасай алады. Ғалымдар аталмыш бактериялардың радионуклидтердің таралуына қандай жағдайда тосқауыл қоя алатынын анықтау үшін зертханалық жұмыстар жүргізіп жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді