Бір отбасына үш балаға дейін дүниеге әкелуге рұқсат етілді
Бір отбасына үш балаға дейін дүниеге әкелуге рұқсат етілді
3 жыл бұрын 3039 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Таяуда жарияланған, он жылда бір жүргізілетін Қытайдағы халық санағының нәтижесі көрсеткендей, аталған елдегі тұрғындар қарасы 2020 жылдың қазан айындағы есеп бойынша 1,41 млрд адамды құраған. Бұл қытай халқының өсу қарқынының 1950-ші жылдан бері ең төменгі көрсеткіші болып отыр. Осыған байланысты, дәлірегі, халық санының кемуі мен қартаюына қарсы Қытай билігі 1979-2015 жылдар аралығындағы «Бір отбасы – бір бала» саясатынан біртіндеп бас тартып келеді, дәлірегі, 2016 жылдан бастап бір отбасына екі балаға дейін дүниеге әкелуге рұқсат етілді. Енді қытай коммунистік партиясының орталық комитетінің саяси бюросы бір отбасына үш балаға дейін дүниеге әкелуге рұқат ететін қаулы қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де ел экономикасы мен мемлекет қауіпсіздігі үшін маңызы зор аталмыш шешімнің қашан қолданысқа енетіні белгісіз. Соған қарамастан Қытай билігі  геосаясатты өзінің салмағын жоғалтпау үшін ішкі саясатта аса маңызды қадам жасады. Өткен жылдың ақпан айында Шжан Жунжун есімді әйел мен оның жолдасы еті баланы өмірге әкелгені үшін жауапкершілікке тартылып, бір млн юаннан аса (155 мың доллар) айыппұл «арқалаған» еді. Бұл айыппұлды төлемесе, бес ұл мен екі қызды өмірге әкелген отбасы олардың туу туралы куәлігіне қол жеткізе алмас еді. Бұл көп балалы болуға қатысты соңғы әкімшілік жаза болуы мүмкін. Елдің жер-су, энегретикалық ресурсы тапшылығын болдырмас үшін қолға алынған «Бір отбасы – бір бала» шектеу саясаты болашақта елдің демографиялық, әлеуметтік ахуалына кері әсерін тигізетін шара болып шыққанын қытай билігі мойындай бастады.

Ұқсас материалдар: 

"Халық санының кемуі қытай экономикасына кері әсерін тигізе алмайды. Себебі.." (https://islam.kz/kk/news/alem/halyq-sanynyn-kemui-qytai-ekonomikasyna-keri-aserin-tigize-almaidy-sebebi-15295/#gsc.tab=0);

Әлем Қытай халқын көпісініп еді... Қытай халқы азайса, әлемге қандай қауіп төнеді? (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-qytai-halqyn-kopisinip-edi-qytai-halqy-azaisa-alemge-qandai-qauip-tonedi-15227/#gsc.tab=0);

"Қытай «бір отбасы – бір бала» саясатынан түбегейлі бас тартпақ" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-bir-otbasy-bir-bala-sayasatynan-tubegeili-bas-tartpaq-14444/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат