Микробтар атмосфераның жоғары қабатына шығып жер шарының кез келген тұсына таралады
Микробтар атмосфераның жоғары қабатына шығып жер шарының кез келген тұсына таралады
8 жыл бұрын 4647 ҚазАқпарат

Ғалымдар ұсақ бактериялардың ауа ағынымен атмосфераның жоғары қабаттарына көтеріліп жердің кез келген тұсына таралатындығын анықтады, деп жазады inosmi.ru

НАСА-ның зерттеу орталығының қызметкерлері Американың Орегон тауындағы ұйқыда жатқан вулканның басынан алынған ауа сынамаларының құрамында Азия және Тынық мұхиттағы өлі ағзалардың ДНК-сын көп тапқан. Олар 3 мың шақырым қашықтыққа созылған аралықтағы атмосфераның жоғары қабаттарында суықта тірі ағзалар жойылып кетеді деп санады.

Алайда 2011 жылы вулкан күлінен алынған сынама құрамында бактериялардың 27 пайызы, саңырауқұлақтардың 47 пайызы аман қалғаны анықталды. Зерттеуші топ сол жерде болмауы тиіс 2 100 микроб түрлерін тапқан, оның ішінде жапон жағалауында ғана кездесетін Archea миркобы да бар.

Соңғы зерттеулер микробтардың ауа райына әсері бар екендігін айтуда. Мысалы олар бұлтты жинап, жаңбыр жаудырады, құрлықтан құрлыққа ауру таратады, тіпті климатты өзгертеді екен. 
Кариб теңізіндегі коралл рифтерінің жойылып бара жатқанын зерттеуші ғалымдар оған Африкада соққан дауыл кезінде құммен бірге ұшып келген микробтар кінәлі деп отыр. Сахарада құрғақшылық кезінде шаңға қосылып ұшқан коралды жоятын саңырауқұлақ Атлант мұхитының үстінен ұшып өтіп 1983 жылы Карибке келіп жеткен.

Қазір америкалық Техас университетінің ғалымдары қазір антибиотикке төзімді микроорганизмдердің қаншалықты алысқа ұшып жете алатындығын және олардың қасиеттері жергілікті микробтарға қалай берілуін зерттеп шықты. Оның қорытындысы таяу арада жария етіледі деп күтілуде.

0 пікір
Мұрағат