Қытайлар тісжегіге қарсы екпе жасап шығарды
Қытайлар тісжегіге қарсы екпе жасап шығарды
7 жыл бұрын 2575

Қытай ғалымдары тісжегіге қарсы екпе жасап шығарды. Олар екпенің арқасында тістің құртылуына әкеп соғатын микрофлоралардың жойылатынын анықтады. Қытайдағы Ухань вирусология институтының ғалымдары жүргізген зерттеу Scientific Reports журналында жарияланды.

Бұл туралы Медпортал басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тісжегінің пайда болу себебі әлі күнге дейін нақты анықталмаған. Дәрігерлердің пікірінше, ауыз қуысындағы бұл қолайсыздықты тудырушы негізгі фактор Streptococcus mutans бактериялары болуы мүмкін. Бұл бактерия ауыз қуысында тастың, тісжегінің пайда болуына әкеп соғады, сондай-ақ, тіс эмалін зақымдайды екен.

Қытайлар екпені көртышқандарға салып, оның оңды әсеріне көз жеткізді. Екпе ағзадағы кариозды бактериялардың мөлшерін едәуір азайтатын болып шықты. Ғалымдар жақын арада екпені ерікті адамдарға салып көрмек ниетте.

0 пікір
Мұрағат