Қартайған жасушаларды қауіпсіз жолмен жоюдың тәсілі табылды
Қартайған жасушаларды қауіпсіз жолмен жоюдың тәсілі табылды
3 жыл бұрын 12180 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары жас ұлғайған сайын пайда болатын ауруларды (мысалы, атеросклероз, сусамыр, т.б.) тудыратын қартайған жасушаларды қауіпсіз жолмен оятын медициналық құрал ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Токио, Ниигата және Кюсю жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан жасақталған топ бұл тарапта жүргізілген тәжірибе барысында аталған медициналық құралдың көмегімен кеміргіштің бойындағы қартаюмен қатар жүретін аурулардың симптомдарын азайтуға қол жеткізді. Десе де бұл арада нақты қандай медициналық құрал турасында ақпарат берілмеген. Алайда, аталмыш жаңалық өз кезегінде кәрілікпен байланысты аурулардың алдын алуға әрі тиімді емдеуге мүмкіндік бермек. Бұл тақырыптағы зерттеу материалы Science америкалық мерзімді басылымында жарияланды. Қартайған жасушалар деп, стреске жиі ұшырайтын әрі организмде жинала беретін жасушаларды айтамыз.

0 пікір
Мұрағат