Қанық ұйқы нейродегенеративті аурулардың алдын алуға көмектеседі
Қанық ұйқы нейродегенеративті аурулардың алдын алуға көмектеседі
3 жыл бұрын 2876 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Чикагоның Солтүстік-батыс университетінің ғалымдары қанық ұйқы (Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің пікірі бойынша кешкі алтыдан таңғы тоғызға дейінгі ұйқы)мидан улы пептидтердің жойылуына ықпал етеді деп есептейді. Бұл жайында islam.kz порталы news-medical.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өкініштісі, бүгінде адамдар денсаулығын ойлап, ұйықтаудың орнына түннің бір уағына дейін әлеуметтік желіде отырады. Америкалық ғалымдар бұл тараптағы зерттеу барысында дрозофилдің (шыбынның) миының белсенділігі мен іс-әрекетін зерделеген болатын. Жәндіктер адамға көп ұқсамаса да олардың ұйқы циклі мен ояу уақытына жауапты нейроны адамға ұқсас келеді. Осындай себеппен ғалымдар ұйқыға байланысты тәжірибе жасауда шыбындарды таңдап жатады. Ғалымдар шыбын тұмсығының ұлғаятын ұйқы кезеңіне назар аударған еді. Бұл фаза адамдардың терең ұйқы фазасына ұқсас. Мұндай фаза кезінде тұмсығын бір тартып, бір шығарумен болған. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен ғалымдардың бірі Рави Аллада шыбынның бойындағы бұл қимылды сұйықтықты адам бүйрегіне ұқсас организмдегі жүйеге ауыстыруымен байланыстырып түсіндірді. Шыбынның бойындағы бұл әрекет күні бойы организмде жиналған қалдық заттарды шығаруды жеңілдетіп, жарақаттың жазылуына, яғни, қалпына келуіне көмектеседі. Ғалымдар шыбынның терең ұйқысын бұзған кезде жәндіктің күндіз денесінен улы заттарды шығаруда қиындық көргеніне әрі жарақат алғанда әдеттегіден жанына бататынын аңғарған болатын. Ғалымдардың айтуынша, тірі жанның организмі күндіз де, түнде де тазарады, алайда, бұл процесс терең ұйқы кезінде жақсы жүреді. Ғалымдар осы жаңалығы арқылы ұйқының емі жоқ Паркинсон және Альцгеймер секілді нейродегенеративті ауруларға алып келуі мүмкін бета-амилоидтен және өзге де улы заттардан организмді тазартатынын алға тартып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Шала ұйқы инфекциялық дертке шалдығу қатерін 250%-ға арттырады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-uiqy-infektsiyalyq-dertke-shaldygu-qaterin-250-ga-arttyrady-14692/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат