Қайызғақ қауіпті аурудың бір симптомы (белгісі) болып шықты
Қайызғақ қауіпті аурудың бір симптомы (белгісі) болып шықты
3 жыл бұрын 14506 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қайызғақ емі жоқ Паркинсон ауруының бір симптомы болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Express ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы бағытта арнайы жүргізген зерттеу жүргізген Ұлыбритания ғалымдары осынау неврологиялық аурудың себореялық дерматитті қалай тудыратынын түсіне алар емес. Осы тұста себореялық дерматиттің қандай дерт екенін айта кетеміз: адамның май бездерінде дамыған, бас терісі мен денені зақымдайтын, қабыну тудыратын ауру. Аталмыш дертке көбінесе гормондық қызметтің бұзылуы себеп болып жатады. Бұдан бөлек, тестостеронды, анаболикті және глюкокортикостероид секілді дәрі-дәрмекті жиі қабылдаған адам осы дертке шалдығу қатері жоғары келеді. Аталған ауру жеңіл күйінде қайызғақ түрінде көрініс табады. Ал асқынған жағдайда адамның терісі қызарып, суланып тұратын бөртпе қаптайды. Мамандар мұндай симптомды Паркинсомен қайызғақтың пайда болуына әсер ететін саңырауқұлақтың (паразит) белгілі бір түрімен байланыстырады. Сөз орайы келгенде мынадай дерек келтіре кетуді жөн көріп отырмыз: бұрын америкалық ғалымдар Паркинсон дертінің тағы бір белгісіне қандай да бір себепсіз тершеңдікті жатқызған еді. Көбіне адам белінен жоғары жағы терлейді. Паркинсон дерті – орталық жүйке жүйесінің баяу дамитын ауруы, көбінесе қарт адамдарға тән.

0 пікір
Мұрағат