Пайдалы саңырауқұлақтарды (паразит) жойып алмай тек зияндыларымен күресетін тәсіл табылды
Пайдалы саңырауқұлақтарды (паразит) жойып алмай тек зияндыларымен күресетін тәсіл табылды
3 жыл бұрын 2883 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саңырауқұлақ инфекциясын селективті (яғни, іріктеп, таңдап-талғап) емдеу әдісі саңырауқұлақтың патоген тудыратын түрлеріне әсер етіп, пайдаласынан айналып өтеді. Томбы политехникалық университеті (ТПУ) ғалымдарының осынау ғылыми жаңалығы  медицинада, ауыл шаруашылығында үлкен жетістікке бастайтын тың тәсіл болғалы тұр. Бұл жайында islam.kz порталы popmech.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал бұл тараптағы зерттеу материалы Colloid and Interface Science Сommunications мерзімді басылымында жарияланды. Бүгінде саңырауқұлақ инфекциясына қарсы қолданылатын колоидті күміс дәрі-дәрмектердің көбісі, тіпті, барлығы дерлігі зияндысын ғана емес, сонымен қатар, организмге пайдалы түрлерін де жойып жібереді. Ғалымдар бұл проблеманы ізденісімен еңсере алды. Жоғарыда аталған жоғарғы оқу орнының мамандары Новосібірлік әріптестерімен және Мексика ұлттық, автономды университетінің (UNAM) ғалымдарымен бірігіп, күміс нанобөлшектері негізінде медициналық және ветеринарлық дәрі-дәрмекті сынақтан өткізіп келеді. Дәрінің тиімділігі адамдар мен жануарлардың және өсімдіктер бойындағы 20-дан аса инфекциялық ауруларды емдеуде дәлелденді. Күміс нанобөлшектерін саңырауқұлақ инфекциясының қоздырғыштарымен күресте пайдалану мүмкіндігі жаңа белеске бастап отыр. Күмістің коллоидтік ерітіндісі сулы ортада тараған, көлемі  35 ± 15 нм болатын күміс бөлшектерінен жасалады, алайда, ерітінді тұрақсыздық танытатындықтан күміс бөлшектері өзара соқтығысқанда тұнбаға айналады. Бөлшектер өзара соқтығыспасы үшін коллоидтік ерітіндіге тұрақтандырушы поливинилпирролидон қосады. Бұл өз кезегінде тиімділігі жоғары нанобөлшекті дәрі алуға мүмкіндік береді. Десе де коллоидтік күміс дәрісінің барлығы бірдей қауіпсіз дей алмайсыз – улылығы жағынан алғанда, сонымен қатар, олардың барлығы бірдей инфекциямен тиімді күресе алмайды. Ал ресейлік әрі мексикалық ғалымдардың бұл дәрісі улы емес және инфекцияға қарсы белсенділігі, яғни, емдеу тиімділігі жоғары. «25 мкг/мл концентрациясындағы күміс нанобөлшектер (AgNPs) Candida Tropicalis (кандидоз қоздырғышы) жасушаларының өсуін 90 пайызға тежеді. Бір тәуірі, Saccharomyces Boulardii (пайдалы пробиотик) жасуша популяциясының 50 пайызы аман қалған»,- деді ТПУ-дің Химиялық және биомедициналық технология мектебінің профессоры Алексей Пестряков.

0 пікір
Мұрағат