Өзге біреудің ағзасы трансплантацияланған жанның тұлғалық қасиеті өзгеруі мүмкін екендігі айтылды
Өзге біреудің ағзасы трансплантацияланған жанның тұлғалық қасиеті өзгеруі мүмкін екендігі айтылды
2 ай бұрын 399 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тек ғалымдар ғана емес, сонымен қатар, арапайым бұқара халық та бөгде біреудің қанын өзгеге құйса, оның тұлғалық қасиетін өзгерте ме, жоқ па, деген сауалға талай жылдан бері бас қатырып келеді. Донорлық адам өмірін құтқаруға кмектескенімен оның өзге әсері болмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы The Conversation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кей реципиенттер (Реципиент – донорлық  қанды немесе одан бөлiнген компоненттерді қабылдаған адам) трансплантациядан кейін бойында өзгерістердің орын алғанын алға тартып жатады. Осыған байланысты өзге біреудің ағзасын алған немесе қаны құйылған адамның организімінің трансплантациядан кейін қандай процестерге тап болатыны ғалымдардың назарын аударған екен. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жаңа ағзаға ие болған адамдар тек физиологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар, психологиялық өзгерістерге де ұшырауы мүмкін. Соның ішінде, реципиенттердің мінез-құлқы мен қалауы кенеттен өзгеруі ықтимал, бұл кейде плацебо эффектісіне немесе донорлық ағзалардағы биологиялық сипаттамаларына байланысты орын алмақ. Ағзаларды трансплантациялаудан кейінгі тұлғаның өзгеру құбылысы медицина ғылымы үшін әлі күнге толық жұмбақ күйінде қалып отыр. Мұндай өзгерістердің негізінде қандай тетіктер жатыр және олардың пайда болуын қалай болжауға немесе анықтауға болады, деген сауалдар бұл тараптағы зерттеуді одан ары жалғастыруды талап етеді.

0 пікір
Мұрағат