Өсімдікті вирустан қорғайтын ақуыз табылды
Өсімдікті вирустан қорғайтын ақуыз табылды
4 жыл бұрын 2253 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың ғылым және технология университетінің мамандары өсімдікті вирустан қорғай алатын ақуызды тапты. Дәлірегі, қытай биологтері өсімдік жасушасындағы вирустық ақуыздардың синтезделуіне кедергі келтіретін ақуызды тапты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі Xinhua мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жаңалық авторларының айтуынша, олардың бұл бағыттағы ізденісі өз кезегінде ауыл шаруашылығындағы өсімдіктердің вирусқа қарсы төзімділігін артырып, ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады. Вирус – өзінің көшірмесін жасау үшін организм ақуызының «құрастырушы» желісін қармайтын жай ғана тіршілік түрі. Осынау зерттеуге жетекшілік еткен профессор Чжао Чжунның айтуынша, өздері тапқан, Wuschel деп аталатын ақуыз вирустың өсіп-өнуіне, яғни, көбеюіне жол бермейтін қабілетке ие. Яғни, вирустың ингибирлік процесіне тосқауыл қоя алады. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, Wuschel ақуызы тек өсімдіктердегі вирустың көбеюіне ғана жол беріп қоймай, сонымен қатар, өзге де көптеген вирустардың өсіп-өнуіне кедергі келтіре алады. Мұның нақты жауабын алдағы уақытта жалғасын табатын зерттеу нәтижесінен біле алатын боламыз.

0 пікір
Мұрағат