Өсімдік тамырының топыраққа қалай бойлап, бекитіні таспаға тартылып алынды (видео)
Өсімдік тамырының топыраққа қалай бойлап, бекитіні таспаға тартылып алынды (видео)
3 жыл бұрын 2466 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Дьюка университетінің ғалымдары өсімдік тамырының топырақта қалай тамыр жаятынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл процесті қадағалау үшін ғалымдар мөлдір гелде өсіп келе жатқан күріш тұқымына, яғни, дәнегіне камера орнатады. Ғалымдар бір тәулікте әрбір 15 минут сайын таспаға тартып алып, ақырында тамырдың топыраққа бекуі үшін «билейтінін» дәлелдеді. Яғни, күріш тамырының топыраққа орнығуы үшін арнайы трюктер жасайтынына көз жеткізген. Бұл процесті тереңірек зерделеу үшін өзі де тамырға ұқсайтын жұмсақ роботты пайдаланып көреді. Бақылау барысында өсімдік тамырының ұшы өскен сайын айналатынын анықтады. Мәселен, кейбір тамыр өзгелері секілді айнала алмайды. Бұған тігінен өсуін мәжбүрлейтін HK1 гені себеп болатынын да анықтады. Ғалымдардығ топшылауынша, өсімдіктердің арнайы өсу стратегиясында тамырдың айнала бұрала «билеуінің» астарында топыраққа мейлінше нық орнығуы үшін ізденісі жатады. Джорджия технологиялық институты қабырғасындағы физика профессоры Дэниел Голдман атындағы зертханада жүргізілген бұл бағыттағы тәжірибе барысында қалыпты және мутацияға ұшыраған күріш тамырлары қадағаланады, нәтижесінде күріштік сау, спирал тәрізді тамыры саңылау тауып, топыраққа терең бойлайтын болып шықты.

                                 (ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат