NASA Жерді астероидтардан қорғау жүйесін сынақтан өткізеді
NASA Жерді астероидтардан қорғау жүйесін сынақтан өткізеді
7 жыл бұрын 4212

Ғалымдар осы аптада Жерге жақындайтын астериодтың қозғалыс жолын нақты есептеп, мұның қанша уақыт алатынын анықтауға тырысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru басылымына сілтеме жасап. 

12 қазанда 2012 TC4 астериоды Жерге едәуір жақын аралықта ұшып өтеді. Ғалымдардың айтуынша, көлемі 20 метрлік аспан денесі планетамыздан небәрі 6500 шақырым қашықтықта болады. Бұл Халықаралық ғарыш станциясына қарағанда Жерден 20 есе ғана алыс.

Десек те, NASA-ның хабарлауы бойынша, Жер шарының тұрғындарына бұдан ешқандай қауіп төнбейді. Ал ғалымдар бұл күні астериодтардан қорғау жүйесін сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.

Жалпы «астериодтардан қорғау» термині нені білдіреді?

Ол дегеніміз – әлемдегі астрономиялық қоғамдастықтардың астероидтің орбитасын нақты есептеп, планетамен соқтығып-соқтығыспайтынын анықтауы.

Айта кетсек, Жерге соғылатын астериодтардан қорғану әдісі әлі күнге дейін жоқ.

Оның үстіне, астериодтың қозғалыс жолын анықтайтын заманауи жүйелер қажетті әрі нақты ақпарат бермейді. Сол себепті ғалымдар осы айда Жерге жақын ұшатын астериодтардың қозғалыс жолын қысқа мерзімде есептеп шығуды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат