Магнит өрісімен жасанды ет өсірілді
Магнит өрісімен жасанды ет өсірілді
2 жыл бұрын 1336 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар магнит көмегімен жасанды ет өсіру тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сингапур Ұлттық университетінің ғалымдары жасанды ет өндірудің жаңа әдісін тапты, дәлірегі, жасушаны магнитпен өсіру тәсілі турасында сөз болып отыр бұл арада. Аталмыш технология қоршаған ортаға зияны шаш-етектен әрі тек экологияға ғана емес, сонымен қатар, экономикалық жағынан тиімсіз жануарлардан алынатын өнімдерге тәуелділікті азайтады, экологиялық таза, қауіпсіз және үнемді технология арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Сингапур ғалымдары өз жұмыстарында импулстік магнит өрісін пайдаланды. Магниттік өрістердің қысқа 10 минуттық әсеріне жауап ретінде жасушалар регенеративті, метаболикалық, қабынуға қарсы және иммунитетті күшейтетін қасиеттері бар әртүрлі молекулаларды шығарған. Бұл заттар - «секретомдар» - сарысудың орнына жасанды бұлшықет жасушаларының өсуі мен дамуын ынталандыру үшін қолданылуы мүмкін. Зерттеушілер ұсынылған әдіс дәстүрліге қарағанда әлдеқайда арзан екенін атап өтті. Сонымен қатар, арнайы жайылым мен жем-шөпті қажет етпейтін экономикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге, парникті газдың атмосфераға бөліну деңгейін төмендетуге көмектеседі, бұдан бөлек, қан сарысуы донорлардан аурудың жұғу қатерін болдырмайды. Қалыптасқан әдіс бойынша жасанды ет өндіру үшін жануарлардың жасушалары олардың өсіп, көбеюіне көмектесетін арнайы сарысуға орналастырылады. Әдетте бұл дәстүрлі ет немесе сүт өндірісінде сойылған буаз сиырлардан кесілген ұрық қанынан алынған қоспа. Ғалымдар бұл технологияны тек өндірісте ғана емес, регенеративті медицинада да қолдануға болатынын атап өтті. Осы заттардың көмегімен олар зақымдалған жасушалардың қалпына келуін тездетеді.

Бұлшықет секретомдарын өндіруге арналған қондырғы. Фото: NUS

Жасанды ет өндірудің жаңа (сол жақ) және дәстүрлі (оң) әдістері. Фото: NUS

Ұқсас материалдар:

«Жасанды ет өндірісінде медициналық регенеративті әдіс қолданылады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-et-ondirisinde-meditsinalyq-regenerativti-adis-qoldanylady-14904/#gsc.tab=0);

"Жасанды ет компанияларының қатары артып келеді" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-kompaniyalarynyn-qatary-artyp-keledi-14643/#gsc.tab=0);

"Жасанды ет төңірегіндегі талас-тартыс өршіп барады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-toniregindegi-talas-tartys-orship-barady-12689/#gsc.tab=0);

«Жасанды ет өндірісінің кәдімгі ет өнімдерінен қандай айырмашылығы бар» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-ondirisinin-kadimgi-et-onimderinen-qandai-aiyrmashylygy-bar-12523/#gsc.tab=0);

«Әлемде жасанды ет өндіретін алғашқы фабрика ашылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-jasandy-et-ondiretin-algashqy-fabrika-ashyldy-15427/#gsc.tab=0);

«Жасанды жылқы еті өсіріледі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-jylqy-eti-osiriledi-13089/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат