Рим Папасы Бахрейнге барады
Рим Папасы Бахрейнге барады
2 жыл бұрын 828 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда елордада өткен әлемдік діндер жиналысына арнайы келген Рим Папасы көп ұзамай тағы бір мұсылман еліне сапар шегеді. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Рим Папасы Франциск қараша айының 3-6-ы күндері аралығында Таяу Шығыста өтетін «Шығыс пен Батыс адамзаттың қатар өмір сүруі үшін» деп аталатын халықаралық жиынға қатысады. Осы орайда Парсы шығанағындағы аталған шағын ел мұсылман елі болғанымен шетелдік еңбек мигранттарының қарасы өте көп әрі олардың бір бөлігін христиандар құрайтынын айта кетпекпіз. Бахрейн билігі олардың наным-сенім бостандығына ешуақытта қол сұққан емес. Бұл сөзімізге аталған араб елі аумағында төрт христиан шіркеуі бары дәлел бола алады. Олардың алғашқысы 1939 жылы тұрғызылған.

0 пікір
Мұрағат