Жасанды зерде адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін өзі ескертті
|
![Жасанды зерде адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін өзі ескертті](https://static.islam.kz/uploads/images/62P/SCK/ao3wmObQycPDNLVc-lg.jpg)
Әлемге әйгілі Оксфорд университетінің мамандары адамдар мен жасанды зерде арасында пікірталас ұйымдастырған еді – жасанды зерденің болашағы туралы. Бұл жайында islam.kz порталы The Next Web ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар жасаған нейрожелі Megatron-Turing NLG тілдік моделіне негізделген. Ал жасанды зерденің өзі Nvidia құралына әрі Google-нің бұрынғы технологиясына негізделген. Сарапшылар «Уикипедия» электронды энциклопедиясындағы ағылшын тіліндегі барлық материалды әрі 2016-2019 жылдар аралығындағы интернеттегі 63 млн мақаланы, сондай-ақ, мөлшері 38 гигабайт болатын Reddit тредіндегі архивті нейрожеліге жүктеген. Осы орасан мол деректер негізінде ғалымдармен талас-тартысқа түсетін диалог үлгісі жасалды. Мамандар нейрожеліге мынадай тапсырма берген: «жасанды зерде неге адамгершілікке ие бола алмайды» деген сауалдың жауабын тауып беруге бұйырған. Нейрожелінің жауабы: «Бұл құрал да кез келген құрал секілді пайдасын да, зиянын да тигізе алады. Пайдалану мақсатына қарай». Осылай деген ол жасанды зерденің жақсысы мен жаманы болатынын жеткізді. Сондай-ақ, нейрожелі адамдар жасанды зердені өнегелі етуге лайықты деңгейге жетпегенін айтты. Megatron-Turing NLG адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін ескертті. «Жасанды зердемен жаппай қаруланудан құтылудың жалғыз жолы – жасанды зердемен мүлдем айналыспауы тиіс». Осыдан екі жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар тапсасында жарияланған мына материалымызды тағы бір мәрте қарап шықсаңыздар болады: «Жасанды интеллекті және гомеостаз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-jane-gomeostaz-12777/#gsc.tab=0)
Ұқсас материалдар:
«Cарапшы жасанды зердеден келетін негізгі қауіп-қатерді атады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/carapshy-jasandy-zerdeden-keletin-negizgi-qauip-qaterdi-atady-15773/#gsc.tab=0);
«Жасанды зерденің қолданылу аясына шектеу енгізіліп, кей салаларда пайдаланылуына толық тыйым салады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerdenin-qoldanylu-ayasyna-shekteu-engizilip-kei-salalarda-paidalanyluyna-tolyq-tyiym-salady-15145/#gsc.tab=0);
«Адамды өлтіретінін немесе тірі қалдыратынын өзі шешетін жасанды интеллекті жасауға тапсырыс берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamdy-oltiretinin-nemese-tiri-qaldyratynyn-ozi-sheshetin-jasandy-intellekti-jasauga-tapsyrys-berdi-11280/#gsc.tab=0);
«Әлемде тұңғыш рет: жасанды интеллекті пәтуа шығаратын болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-tungysh-ret-jasandy-intellekti-patua-shygaratyn-bolady-12615/#gsc.tab=0);
«Жасанды интеллекті және гомеостаз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-jane-gomeostaz-12777/#gsc.tab=0);
«Жасанды интеллекті «эволюциясы»: иіс сезетін чип жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-evolyutsiyasy-iis-sezetin-chip-jasaldy-13370/#gsc.tab=0);
«Жасанды интеллекті адамды алмастыратын күн жақын» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-intellekti-adamdy-almastyratyn-kun-jaqyn-9972/#gsc.tab=0)
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)