Cарапшы жасанды зердеден келетін негізгі қауіп-қатерді атады
Cарапшы жасанды зердеден келетін негізгі қауіп-қатерді атады
27 күн бұрын 362 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Google, Apple және Microsoft технологиялық корпорацияларының бұрынғы қызметкері Кай-Фу Ли жасанды зердені қолданудан адамзатқа келетін негізгі төрт қатерді саусағын бүгіп тұрып, нақты атады. Жасанды зердеден болатын ең басты қатерге осы технология негізінде жұмыс істейтін қару-жарақтың адамға бағытталуын жатқызыпты. (бұл туралы кезінде хабардар еткенбіз – қараңыз: «Адамды өлтіретінін немесе тірі қалдыратынын өзі шешетін жасанды интеллекті жасауға тапсырыс берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamdy-oltiretinin-nemese-tiri-qaldyratynyn-ozi-sheshetin-jasandy-intellekti-jasauga-tapsyrys-berdi-11280/#gsc.tab=0). Бұл жайында islam.kz порталы Yahoo! Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кай-Фу Лидің айтуынша, мұндай технология соғыс туралы адамның ұғымын өзгерте алады – жасанды зерде негізіндегі қару-жарақтың дәлдігі мен жылдамдығы өз кезегінде әскери қылмысты кім бастағанын немесе кім ұйымдастырғанын қадағалауға я болмаса анықтауға мүмкіндік бермейді. «»Адамды тану жүйесі арқылы нақты бір тұлғаларды тауып алатын дрондарды алайықшы. Меніңше, бұл болашақта террористердің әрекетін өзгертеді, лаңкестер бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаған кезде жанкештілікке барып жатпайды, кез келген террористік ұйым 10 мың мұндай дронды геноцид секілді сұмдықты жүзеге асыра алады»,- деді маман. Кай-Фу Ли осылай дей келе жасанды зерденің тағы бір қатеріне тоқталды: жасанды зерде тек бір тапсырманы ғана орындап, қалғандарын елемейді, мұның күтпеген жағымсыз салдарының пайда болу қатері де алдыңғысынан кем түспейді. Соның ішінде жасанды зердеге негізделген алгоритмдердің әлеуметтік желілерде және YouTube сияқты медиа-платформаларда балалар мен жасөспірімдердің санасына әсері осы сөзіміздің жарқын мысалы бола алады. Адамдарды аңду, олардың жеке өмірінен ақпарат жинау да жасанды зерденің бір қатері ретінде алға шығады. Қазірдің өзінде жасанды зердеге негізделген алгоритмдер әлеуметтік желідегі адамдарды бақылай алады. Кез келген сәтте адамды арандатуға дейін баратын мәліметтер жинап жатыр. Сөзінің соңында сарапшы жасаенды зерденің, мәселен, көлік құралдарын дербес басқарған кезде қандай шешім қабылдайтынын немесе хирургиялық ота жасауда қандай да бір шешімге келгенін бізге түсіндіріп бере алмайтынын алға тартты. Сөз соңында Кай-Фу Лидің кім екеніне қысқаша тоқтала кетпекпіз: ол Карнеги-Меллона университетінде  ондаған жылдар бойы жасанды зердені жасаумен айналысқан – адамды сөзінен тану технлогиясын жасауға қатысқалы бері. Осы орайда таяуда Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары жасанды зерде жүйесін қолдануға халықаралық адам құқығына қайшы келетіні үшін тыйым салуды ұсынғанын айта кетпекпіз. Әсіресе, Қытай секілді автоитарлы елдерде жасанды зерде технологиясын адамның әлеуметтік әрекетін бағалауда қолданылуының адам құқығына қайша келетінін, ең бастысы – адамды нәсілі мен наным-сеніміне қарай алалап, кемсітушілікке ұшыратаныны жөнінде тілге тиек еткен болатын. 

Ұқсас материалдар: 

«Жасанды зерденің қолданылу аясына шектеу енгізіліп, кей салаларда пайдаланылуына толық тыйым салады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerdenin-qoldanylu-ayasyna-shekteu-engizilip-kei-salalarda-paidalanyluyna-tolyq-tyiym-salady-15145/#gsc.tab=0);

«Адамды өлтіретінін немесе тірі қалдыратынын өзі шешетін жасанды интеллекті жасауға тапсырыс берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamdy-oltiretinin-nemese-tiri-qaldyratynyn-ozi-sheshetin-jasandy-intellekti-jasauga-tapsyrys-berdi-11280/#gsc.tab=0);

«Әлемде тұңғыш рет: жасанды интеллекті пәтуа шығаратын болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-tungysh-ret-jasandy-intellekti-patua-shygaratyn-bolady-12615/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті және гомеостаз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-jane-gomeostaz-12777/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті «эволюциясы»: иіс сезетін чип жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-evolyutsiyasy-iis-sezetin-chip-jasaldy-13370/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті адамды алмастыратын күн жақын» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-intellekti-adamdy-almastyratyn-kun-jaqyn-9972/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат