Жасанды эритроциттер шын нұсқасына қарағанда әлдеқайда тиімді болып шықты
Жасанды эритроциттер шын нұсқасына қарағанда әлдеқайда тиімді болып шықты
4 жыл бұрын 4760 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар шынайы прототипіне қарағанда тиімділігі жоғары синтетикалық эритроциттер жасай алды. Жаңа жасушалар дәріні организмнің қажетіне қарай бүкіл денеге тарата алады.

Эритроциттер маңызды қызмет атқарады – олар оттегіні өкпеден организмнің барлық тініне жеткізеді. Бұл құрамында оттегімен байланысатын темірі бар ақуыз кездесетін гемоглобиннің көмегімен жүзеге асады. Эритроциттер қылдырықтай капилляр тамырларынан өтуі үшін жиырылып, созыла алады, сондай-ақ, айтарлықтай ұзақ уақыт бойы айналыста болады. Ғалымдар синтетикалық қызыл қан денесін жасау үшін бірқатар қиындықпен бетпе-бет келуге тура келді. Бұл бағытта олар барлық функциясы бар эритроциттерді жасауға қол жеткізіп қоймай, оларды, тіпті, көбейтуге де мүмкіндік алды. Жасанды эритроциттердің көлемі мен пішіні де, заряды мен ақуызы да шынайы жасушаға ұқсас. Синтетикалық қан түйіршіктері айтарлықтай капиллярдың титтей «дәлізінен» өту үшін өзгере алатын қабілетке ие. Тышқанға жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, бұл жасушалар 48 сағаттан аса уақыт бойы айналыста болған, яғни, циркуляция жасаған. Ең бастысы, организмге кері әсері байқалмады. Тек мұнымен ғана шектеліп қалмай, ісікке қарсы дәрі-дәрмекті, у датчигін және магниттік нанобөлшекті жетер жеріне жеткізе алады. Бұл өз кезегінде адам организімін оттегімен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат