Жаңа ақуыз CRISPR көмегімен редакциялаудың дәлдігін арттырды
Жаңа ақуыз CRISPR көмегімен редакциялаудың дәлдігін арттырды
4 жыл бұрын 2870 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ пен Қытай ғалымдары CRISPR редакциялау жүйесінің негізінде жатқан Cas9 ферменті мутациясының генді редакциялау дәлдігін арттыруы мүмкін екенін алға тартып отыр. Бұл тараптағы зерттеу мақала PLOS Biology мерзімді басылымында жарияланды. Бүгінгі таңда кеңінен танымал әрі генетикалық терапия мен тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген CRISPR ген редакциялау жүйесінде әдетте Cas9 ақуызбен байланысы жиі қолданылады. Аталмыш қосынды ДНК-ның кез келген тізбегін кесуге қабілетті келеді. Оның өзіндік ерекешілігі ең алдымен негіз жұптарын салыстыру арқылы ДНК-ның керекті жерімен Cas9-дың байланысуына мүмкіндік беретін РНК бағыттаушымен өзара әрекетімен байланысты болып келеді. Бұлар жүзеге асқан бетте ферменттің белсенділігі оянып, ДНК-ны кесу «операциясы» орындалады. CRISPR жүйесі бактериялардың көбісінде кездеседі. Биологиялық зерттеу жұмыстарында әдетте Staphylococcus aureus-тен табылған жүйе пайдаланылып жатады. Оның бірқатар артықшылығы бар: көлемі шағын әрі гендік терапияда икемді. CRISPR жүйесінің, соның ішінде Staphylococcus aureus-тің негізгі кем-кетігі ДНК-ны діттеген жерін емес, өзге учаскесін редакциялау қатерінде жатыр. Бағыттаушы РНК тізбегі жақын келгенімен онымен мінсіз жақындаспайтын участокпен әлсіз байланысуы мүмкін. Яғни, қаншалықты жақын сәйкес келгеніне әрі ферменттің бағыттаушы РНК-ДНК кешенімен қаншалықты өзара тығыз әрекеттесуіне қарай белсенділігі оянады әрі ДНК-ны керекті жерін емес, басқа тұсын кесуі мүмкін. Бұл өз кезегінде тірі организм жүйесіне кері әсерін тигізіп, кемтар етіп тастауы мүмкін. Staphylococcus aureus-тің Cas9-ын редакциялау дәлдігін арттыратындай етіп жетілдіру үшін ғалымдар ақуыздың жаңа нұсқаларын жасап, олардың тиімділігін тексеріп көрді. Ізденіс өз нәтижесін беріп, ғалымдар бағыттаушы РНК және ДНК арасындағы сәйкес келмейтін жекелеген жұптарды бөліп шығарып тастайтын бір ақуызды тапты. Оған SaCas9 атауы берілді. Оның редакциялау дәлдігі бастапқы ферментке қарағанда 93 есе жоғары болып шыққан. Ғалымдар осылайша мутацияның РНК мен ДНК кешені және фермент арасындағы байланыстың қалыптасуына жауапты ферментті қамтитынын көрсетіп берді. Мутация бұл байланысты әлсірете алды, осылайша тізбекке барынша мінсіз сәйкес келгенде ғана мейлінше әсер ету арқылы ферментті белсендіретін болып шықты.

0 пікір
Мұрағат