Іштен қан кетуді тоқтататын көбік (видео)
Іштен қан кетуді тоқтататын көбік (видео)
6 жыл бұрын 5516 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Arsenal Medical компаниясы DARPA-мен (Қарулы күштерде қолданылатын жаңа технологиялардың жасалуына әрі енгізілуіне жауапты АҚШ Қорғаныс министрлігіне қарасты агенттік атауы - ред.)  майдан даласында жаралы сарбазды аман алып қалуға бағытталған, дәлірегі, іштен қан кетуді тоқтататын көбік жасап шығаруы үшін арнайы келісім-шартқа отырды. Бұл көбікті жасаушылардың айтуынша, көбік сұйық полимерден тұрады әрі сынақтан сәтті өткен. Оны алғашқы қан кету кезінен үш сағат өткен соң қолданғанда жаралы адамның тірі қалу деңгейі 8 пайыздан 72%-ға артқан. Аталған көбік қан кетуді алты есеге төмендеткен. Бұл көбік жаралы сарбазды емханаға жеткізгенше аман алып қалуға арналған. Шприцтің көмегімен көбікті ішкі ағзаға енгізгеннен кейін қан кететін саңылауды бітейтін көбік пайда болады. Ал ауруханада оны ота олымен алып тастауға болады. Мамандар бұл көліктің адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтінін айтып отыр. Өйткені, улы емес. Осы мақсатта DARPA 15,5 млн доллар қаражат бөлгенін айта кету керек.  

 

0 пікір
Мұрағат