Иран аумағынан жаңа өсімдік түрі табылды
Иран аумағынан жаңа өсімдік түрі табылды
22 күн бұрын 290 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шиғалар елінің ұлттық генетикалық және биологиялық ресурстар орталығының ғалымдары отандық және халықаралық зерттеушілермен бірігіп, Allium пиязынан llium schisticola деп аталатын өсімдіктің жаңа түрін тапты. Аталмыш орталық келтірген мәліметке қарағанда, осы орталықтың ботанигі Әлірез Долатияр әлемде жаңа өсімдік түрін табудың қиындығын жеткізді. Қиын болатын себебі, зерттеудің молдығы әрі жоғары сараптаманы қажет ететіндігі. Нәтижесінде Парсы елінің осынау орталығының ғалымдары табандылық танытып, далалық әрі гербарилік жұмыстар жүргізіп, пияздың (Allium)  жаңа түрін табуға қол жеткізе алды. Бұл бағытта Германиядағы IPK пен Фердауси атындағы университет ғалымдарымен бірігіп молекулярлы әрі филогенетикалық зерттеу жүргізілді. Цитологиялық, молекулярлы әрі генеалогиялық дәлел-дәйектер келтіріліп, Иран аумағынан табылған, Allium schisticola деп аталған пияз өсімдігі тіркеліп, Phytotaxa халықаралық мерзімді басылымда жарияланды.

0 пікір
Мұрағат