Иммунитеттің неге адамның дене қызуы көтерілгенде ғана іске қосылатыны белгілі болды
Иммунитеттің неге адамның дене қызуы көтерілгенде ғана іске қосылатыны белгілі болды
4 жыл бұрын 4095 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Математиктер мен биолгтер иммундық жүйенің қалай жұмыс істейтінін зерделеген екен. Дәлірегі, ғалымдар Neclear Factor kappa B ақуызын тапты. Ол адамның дене қызуы көтерілгенде ғана іске қосылатын болып шықты. Дамның дене қызуы көтерілсе, бұл иммунитеттің инфекцияға, жарақатқа немесе қандай да бір ісікке қарсы белсенділігін оятып, реакциясын тездетеді. Уорик және Манчестер жоғарғы оқу орындарының ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Сәл ғана ден қызуының өзі «жасуша сағатын» - Nuclear Factor kappa B (NF-κB) ақуызын іске қосады. Олар жасуша ядросына ауысып, одан кетіп, осылайша иммундық жүйенің жұмысын жандандырады. Жасушалар ісікке, жарақатқа немесе инфекцияға осылайша жауап қатады. NF-κB-ақуызы бақылауға көнбей кеткен кезде псориаз, ревматоидты артрит, т.б. қабынуларды тудырады. Адам денесінің қызуы 34 градуста NF-κB қызметі бәсеңдейді. Ал қалыпты 37 градуста (немесе дене қызуы 40 градусқа көтерілсе) NF-κB ақуызының белсенділігі артады. Бұл жаңалық жасушаларды математикалық тұрғыдан моделдеу арқылы ашылғанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат