Хижра күнтізбесіне негізделген инновациялық қолсағат жасалды (фото+видео)
Хижра күнтізбесіне негізделген инновациялық қолсағат жасалды (фото+видео)
3 жыл бұрын 3938 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге сағаттарымен танымал Швейцарияның Parmigiani Fleurier компаниясы тарихта тұңғыш рет Хижра күнтізбесіне негізделген қолсағат жасағаны үшін GPHG innovation prize беделді сыйлығына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы WorldTempus ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.Parmigiani Fleurier компаниясының іргетасын қалаған Мишель Пармиджанидің айтуынша, күнтізбе – сағат тетігінде көрініс табатын өркениет айнасы. Аталмыш компания осылайша уақытты өлшеудің өзгеше тетігін  инновациямен ұштастырып, уақытты жүйелеуге мүмкіндік беретін сағат ісін өнер дәрежесіне көтере білді. Хижра күнтізбесі негізінде жасалған сағат диаметрі 44,5 мм болатын платинді корпусқа, шиферлік циферблатқа ие. Ол тек сағат пен минутты көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, датаны араб санымен көрсетеді, ондағы ай аттары арабша атаулармен берілген. Бұл сағаттың хижра күнтізбесіне лайықты болатын бірқатар артықшылықтары бар: ай фазаларының, ай күнтізбесінің ерекшеліктері ескерілген, т.б. Бұл айрықша сағаттың конструкциясын Мишель Пармиджани 1993 жылдан бастап қолға алған екен. Сағаттағы Хижра күнтізбесінде араб сәулетінің элементтері, мәдениеті кіріктірілген. Мұсылманша жыл қайыру ай фазаларына негізделген. Ол он екі айдан, 29 немесе 30 күннен (ай фазасына байланысты) тұрады. Батыс елдерінде қолданыстағы күнтізбеден жыл сайын 10-12 күнге айырмашылығы болады.

Фото: пресс-служба

Фото: пресс-служба

Фото: пресс-служба

 

0 пікір
Мұрағат