Гендегі өзгерістерді қадағалайтын технология жасалды
Гендегі өзгерістерді қадағалайтын технология жасалды
4 жыл бұрын 1829 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жасушалар дамыған сайын гендердің өзара әрекеттесуіндегі өзгерістер олардың тағдырын анықтайды. Осынау генетикалық өзара әрекеттесудегі айырмашылықтар жасушаларымызды вирустық инфекцияға қарсы төтеп беруге көмектеседі немесе иммундық жасушаларымызға қатерлі ісіктің бетін қайтаруына мүмкіндік береді, бастысы - олардың өзгеру процесін түсіну.

Бір жасушалы РНҚ тізбегі деп аталатын жаңа технология адам мен сүтқоректілердің жасушаларындағы гендердің табиғатын барынша зерделеуге мүмкіндік берді және ғылыми және медициналық жаңалықтардың ашылуына септігін тигізеді. Бұл тараптағы зерттеу материалы Nature Methods мерзімді басылымында жарияланды. Сидней университетінің ғалымдары АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мамандарынан жасақталған халықаралық топпен адам тініндегі гендердің табиғатындағы өзгерістерді жаңа ауқымда тексеруге мүмкіндік беретін бір жасушалы тізбектің талдамалық тәсілін әзірледі. Оны жоғары деңгейлі біржасушалы тестілеу немесе scHOT деп атады.

Зерттеушілер тобы бауырдың эмбриональды дамуы кезінде орын алатын жасушалардың өзгеруінен болатын тышқандардағы гендерді анықтау арқылы осы әдістің тиімділігін көрсетті. Аталған ғалымдар тобынан математитка және статистика мектебінің зерттеушісі, профессор Джин Янг жүйке ауруларын түсінуге мүмкіндік беретін маңызды тінді, тышқанның иіс сезу баданасында экспрессиясына (белсенділігіне) қарай алмасып тұратын геннің жаңа жұбын тапқан болатын. Олар бірге scHOT-ты адам жасушасындағы жасырын гендік ассоциациясын табатын аса қуатты құрал ретінде алға шығады әрі осынау алдыңғы қатарлы бір жасушалы технология аса маңызды биологиялық жаңалықтарды ашуға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат