Ғалымдар қатерлі ісікпен күресудің тағы бір тиімді тәсілін тапты
Ғалымдар қатерлі ісікпен күресудің тағы бір тиімді тәсілін тапты
1 ай бұрын 419 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Канадалық Маргарет ханшайым қорының ғалымдары ақ қан жасушаларынан «супер сарбаз» жасау арқылы қатерлі ісікпен күресуге бел буып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған "Molecular Cell" мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген бірнеше тәжірибе барысында ДНҚ-ны түрлендіретін эпигенетикалық терапия иммундық  Т-жасушасын қатерлі ісік жасушаларын  жоюға қабілетті етеді. Торонто университетінің медициналық биофизика кафедрасының доценты Де Карвальюдің айтуынша, бұл стартегияны қатерлі ісікке қарсы иммунитетті арттыру үшін иммундық терпаияның өзге түрлерімен ұштастыруда пайдалануға болады. Сондай-ақ, ол пациенттің бойынан Т-жасушасын жинап, оны қатерлі ісікке қарсы иммунитетті нығайту үшін қайта науқастың организіміне енгізілетінін жеткізді. Аталмыш зерттеудің түпкі мәні неде? Ол – эпигенетикалық терапияны Т-жасушасындағы генге әсер ету үшін пайдалануда жатыр. Десе де зерттеуде, сонымен қатар, адамның иммундық жүйесінің қатерлі ісікке қарсы белсенділігін арттыруға көмектесе алатын қорғаушы жасушалар реакциясы да қоса қарастырылатын болады.

0 пікір
Мұрағат