Ғалымдар өмір пайда болғанға дейін аминқышқылдарының пептидтерді қалай қалыптастыратынын анықтады
Ғалымдар өмір пайда болғанға дейін аминқышқылдарының пептидтерді қалай қалыптастыратынын анықтады
2 жыл бұрын 1374 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тарапта бірқатар тәжірибе судағы пептидтік байланыстардың түзілу күрделілігіне байланысты кереғарлықты шешуге мүмкіндік берді: бұл процесс толқындарды шашыратқан микроскопиялық тамшылардың бетінде болған сияқты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіршіліктің пайда болуы қазіргі ғылымның басты құпияларының бірі болып табылады. Ең алдымен, ғалымдар тірі жасушаларсыз қарапайым органикалық компоненттерден күрделі биологиялық молекулалардың қалай пайда болатынын анықтауға тырысады. Атап айтқанда, аминқышқылдары арасындағы пептидтік байланыстың пайда болуы жаңа H2O молекуласының пайда болуына ықпал ететін реакция болып табылады. Осындай молекулалардан тұратын сулы ортада бұл процесс термодинамикалық жағынан қолайсыз болып келеді. Сондықтан ежелгі Жердің резервуарларындағы амин қышқылдарының пептидтік тізбектерді қалай түзгені әлі күнге анық емес. Грэм Кукс (Graham Cooks) есімді америкалық Пурдю университетінің профессоры «су парадоксына» өз шешімін ұсынды. Ғалымдар аминқышқылдарының сулы ерітінділерімен тәжірибелер жүргізіп көрді, мысалы, сарқырамалардағыдай оларды шашыраған және ұсақ тамшылар түрінде араластырды. Тамшылардың беті – су ауамен жанасатын жер – аминқышқылдары оңай әрекеттесетін және пептидтік байланыстар түзетін, қысқа тізбектерді – толық ақыздардың «эмбриондарын» құрайтын осындай жағдайларды қамтамасыз ететіні анықталды. Грэм Кукс және оның әріптестері микротамшылар бетін салыстырмалы түрде төмен су жағдайында ең алуан түрлі және құнды химиялық реакциялар өтетін «құрғақ оазиспен» салыстырады. Ғалымдар бұл жаңалықтың нақты өнеркәсіп үшін пайдасы болады, деп есептейді, өйткені, бұл мүмкіндікті пайдалы қосылыстарды синтездеу үшін пайдалануға болады.

Ұқсас материалдар:

«Өмірдің РНҚ-тан тарайтыны расталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/omirdin-rnq-tan-taraityny-rastaldy-17451/#gsc.tab=0);

"Өмірдің топырақтан тарағаны туралы гипотеза растала түсті" (https://islam.kz/kk/news/gylym/omirdin-topyraqtan-taragany-turaly-gipoteza-rastala-tusti-17419/#gsc.tab=0);

«Жердегі өмір ДНҚ мен РНҚ-ның араласынан пайда болды» деген теория расталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jerdegi-omir-dnq-men-rnq-nyn-aralasynan-paida-boldy-degen-teoriya-rastaldy-14613/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат