Өмірдің топырақтан тарағаны туралы гипотеза растала түсті
Өмірдің топырақтан тарағаны туралы гипотеза растала түсті
2 жыл бұрын 1557 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Калифорния университетінің ғалымдары жасушаға дейінгі құрылымдар түрінде өмір сүрген қарабайыр тіршіліктің тышқанды сазда (слюда) пайда болғаны туралы гипотезаны алға тартты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Biophysical Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зерттеушілер атомдық-күштік микроскопияны пайдалана отырып, тышқанды саз үлгілерін зерттеп, олардың ДНҚ және пептидтер сияқты биополимерлердің түзілуі үшін субстрат екенін, яғни, қайнар көзі екенін анықтады. Балшықтарда калия иондарының болуы жаңа гипотезаның пайдасына тағы бір дәлел бола алады, өйткені, тірі заттардың жасушаларында калидің жоғары концентрациясы бар. Амин қышқылдарының немесе нуклеотидтердің тізбегінің түзілуіне арналған химиялық энергия көзі - күн сәулесі, сондай-ақ, слюда парақтарының су ағындарымен механикалық өзара әрекеттесуі де аталған тізбектердің қалыптасуына ықпал етуі мүмкін. Слюда пластинкаларының механикалық энергиясы жасуша бөлінуінің молекулалық механизмі дамығанға дейін коваленттік байланыстардың түзілуі, молекулалық кешендердің өзара әрекеттесуі және протоклеткалардың бүртіктері сияқты ерте пребиотикалық процестерді қозғалысқа келтірді.

 (Слюдалар — қабатталған құрылымды алюмосиликаттардан тұратын минералдар тобы – Уикипедия электронды энциклопедиядан)

0 пікір
Мұрағат