90% жағдайда соқырлыққа бастайтын себеп анықталды
90% жағдайда соқырлыққа бастайтын себеп анықталды
1 жыл бұрын 1447 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Кальций иондарымен витронектиннің моделі. Сурет: Sanford Burnham Prebys

Ғалымдар жасқа байланысты (жас ұлғайған сайын) көру қабілетінің нашарлауының  90%-ға жуығын тудыратын макулярлы дегенерацияның молекулалық құпияларын ашты. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Санфорд Бернхэм Пребис ғылыми-зерттеу институтының биологтары макулярлық дегенерацияны тудыратын, сондай-ақ, атеросклероз және Альцгеймер ауруы сияқты басқа да жасқа байланысты аурулардың дамуына әсер ететін молекулалық өзгерістерді зерттеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ауытқулар қан ақуызы – витронектиннің қызметімен байланысты. Адам қанында жүздеген ақуыз бар, алайда, зерттеушілер ең көп кездесетін витронектинге назар аударған. Оның қандағы жоғары концентрациясынан басқа, ол жасушалар арасындағы тіректерде кездеседі, сонымен қатар, холестериннің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Витронектин макулярлы дегенерацияда маңызды рөл ойнайды, өйткені, ол көздің артқы жағында жиналып, көру қабілетінің жоғалуына әкеледі. Осындай шөгінділер Альцгеймер ауруы кезінде мида және атеросклерозда артерияларда пайда болады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл протеин қысыммен аздап пішінін өзгерте алады. Бұл өзгерістер оның қандағы кальция иондарымен оңай байланысуын тудырады, ал бұл жайт өз кезегінде әртүрлі ауруларды тудыратын кальцилі түйіршіктердің пайда болуына әрі жиналуына әкеледі. Ғалымдардың айтуынша, қандағы ақуыздар қанның бүкіл денеде айналуына байланысты тұрақты және өзгеретін қысымда болады. Мұндай өзгерістерге бейімделу қабілетін жоғалту жасқа байланысты аурулармен байланысты болуы мүмкін. Зерттеушілер емдеу әдістерін әзірлеуге біраз уақыт кететінін атап өтті, аайда, ауытқуды тудыратын негізгі процесті түсіну сәтті терапияның алғашқы қадамы болып табылады.

Ұқсас материалдар:

«Көз ауруларының еміне қатысты 4 жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/gylym/koz-aurularynyn-emine-qatysty-4-janalyq-17036/#gsc.tab=0);

«Зағиптың көру қабілетін қалпына келтіретін имплант жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/zagiptyn-koru-qabiletin-qalpyna-keltiretin-implant-jasaldy-17266/#gsc.tab=0);

«Соқырлықтың пайда болуына ықпал ететін ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/soqyrlyqtyn-paida-boluyna-yqpal-etetin-gen-tabyldy-16442/#gsc.tab=0);

«Гиалуронды қышқыл глаукомадан қорғайтын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gialurondy-qyshqyl-glaukomadan-qorgaityn-bolyp-shyqty-14545/#gsc.tab=0);

«Бір ген бар, көздің көру қабілетін жақсартатын» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bir-gen-bar-kozdin-koru-qabiletin-jaqsartatyn-14536/#gsc.tab=0);

«Гендік терапия соқырлыққа бастайтын, емі жоқ көз ауруынан айықтырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gendik-terapiya-soqyrlyqqa-bastaityn-emi-joq-koz-auruynan-aiyqtyrady-14465/#gsc.tab=0);

«Зағиптердің көру қабілетін қалыптастыру үшін генді редакциялайтын әдіс қолданды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/zagipterdin-koru-qabiletin-qalyptastyru-ushin-gendi-redaktsiyalaityn-adis-qoldandy-13295/#gsc.tab=0);

"Гендік терапия көмегімен көрсоқыр тышқанның көру қабілеті қалпына келтірілді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/gendik-terapiya-komegimen-korsoqyr-tyshqannyn-koru-qabileti-qalpyna-keltirildi-14325/#gsc.tab=0);

«Болашақ медицинасы: көз торының ақуызы өздігінен қалай қалпына келеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bolashaq-meditsinasy-koz-torynyn-aquyzy-ozdiginen-qalai-qalpyna-keledi-15406/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат