Ғалымдар жеңімпаз сперматозидті қалай анықтау керектігін үйренді
Ғалымдар жеңімпаз сперматозидті қалай анықтау керектігін үйренді
3 жыл бұрын 5808 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз эмбриологиядан білетіндей, аналық жасушаны ұрықтандыру үшін миллиондаған сперматозид талпыныс жасайды. Алайда, олардың тек біреуі ғана жеңімпаз атанады, яғни, аналық жасущаны ұрықтандырады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Йел университетінің ғалымдары жеңімпаз сперматозидтің бірнеше маңызды молекулярлық сипаты болатынын анықтады. Яғни, осындай артықшылықтары оған өзгелерден үстем түсуіне көмектеседі. Сперматозидтің құйрығы кальция енетін саңылауы бар арна ретінде алға шығады. Міне, осы минерал сперматозидке әйелдің бала көтеруіне мүмкіндік беретін репродуктивті ағзасында жылжуына көмектеседі. Аталмыш арнадағы әрбір саңылау төрт катиондық арналардан тұрады. Сперматозидтің  иондық арналары (саңылау түзетін ақуыздар), сонымен қатар, CatSper1–4 деген атпен де белгілі. Олар сперматозидтердің бағыты мен қозғалысын бақылайды. Жан-Джу Чанг есімді аталған жоғарғы оқу орнының жасушалы және молекулярлы физиология кафедрасының доценті бастаған ғалымдар тобы CatSper арналарының бірінің сперматозидтің өзгелерден озық шығып, ұрықтандыруда маңызды мәнге ие екенін анықтады. Бұл бағытта тышқанға жүргізілген тәжірибе де ғалымдардың гипотезасын растады. Үш өлшемді молекулярлы визуализация мен жасанды нейрон желісін моделдеу көмегімен жатырда жылжыған сперматозидте Catsper1 арнасының барына көз жеткізген. Ал өзге сперматозидтер ионды арналарының бір бөлігінен айырылып қалған – олар қимылсыз әрі кейіндеп қалған еді. Әйелдің репродуктивті трактісінде жылжуын тоқтатпаған сперматозидтің өзге де ерекшеліктері бар болып шыққан. Олар әдеттегіше акросом деп аталатын қалпақ тәрізді құрылымынан айырылған еді. Бұл жаңалық несімен құнды? Болашақта белсіздікті емдеуде көп көмегін тигізетін болады.

0 пікір
Мұрағат